Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 01.07.2021
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жобалардың ашық конкурстарын өткізу қағидаларын бекіту туралы
 Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 144 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 30 наурызда № 10579 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2021 жылғы 1 шілдеден бастап ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 10.06.2021 жылғы № 193 Бұйрығына сәйкес 
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-бабының 38-8) тармақшасына сәйкес  БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жобалардың ашық конкурстарын өткізу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Экологиялық мониторинг және ақпарат департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін оның көшірмесін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарда және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдануын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруын;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерды ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Энергетика министрінің
 2015 жылғы 25 ақпандағы
 № 144 бұйрығымен
 бекітілген
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жобалардың ашық конкурстарын өткізу қағидалары
1. Осы Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жобалардың ашық конкурстарын өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 17-бабының  38-8) тармақшасына сәйкес әзірленген және қоршаған ортаны қорғау саласындағы жобалардың ашық конкурстарын өткізу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады: 
1) қоршаған ортаны қорғау саласындағы жоба – қоршаған ортаны қорғау саласындағы белгілі бір мақсатқа (мақсаттарға) жетуге бағытталған жоспарланған іс-шара;
2) қоршаған ортаны қорғау саласындағы басымдықтар – шұғыл практикалық жүзеге асу үшін неғұрлым маңызды деп танылған қоршаған ортаны қорғау жөніндегі қызметтің бағыттары.
3. Экологиялық бағдарламаларды әзірлеу үшін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган не жергілікті атқарушы органдар қоршаған ортаны қорғау саласындағы жобалардың (бұдан әрі – жобалар) ашық конкурстарын өткізу жолымен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі жобаларды іріктеуді жүргізеді.
2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жобалардың ашық конкурстарын өткізу тәртібі
4. Жобалардың ашық конкурсының процесі мынадай кезеңдерден тұрады:
3) Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таратылатын мерзімді баспа басылымында хабарландыру жариялау; 
5) конкурстың қорытындыларының хаттамасына қол қою. 
5. Әр жоба үшін конкурстың шарттарын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган не жергілікті атқарушы органдар (бұдан әрі – конкурсты ұйымдастырушы) бекітеді. 
Конкурстың шарттары жобалардың мақсаттарын, мерзімдерін және іске асыру шарттарын қамтитын жобаларға қойылатын талаптардан тұрады. 
6. Конкурсты ұйымдастырушы саны кемінде жеті адамнан конкурстық комиссия құрады. Конкурстық комиссия төрағадан, комиссия мүшелерінен және хатшыдан тұрады. 
7. Жобалардың ашық конкурсын өткізу туралы хабарландыруда мына мәліметтер болуға тиіс:
1) конкурсты ұйымдастырушының атауы және орналасқан жері; 
8. Ашық конкурс өткізу туралы хабарландыру конкурсқа қатысуға конкурстық ұсыныстарды қабылдау күніне дейін отыз күнтізбелік күннен кешіктірмей Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таратылатын мерзімді баспа басылымында мемлекеттік және орыс тілдерінде жарияланады. 
Хабарландырулар бір мезгілде конкурсты ұйымдастырушының интернет-ресурсында орналастырылады. 
9. Конкурстық комиссия жобалары бар конверттерді жобалардың ашық конкурсын өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде және орында ашады. 
Жобаны ұсынған ұйымның өкілі жобалары бар конверттерді ашқан кезде қатысады. 
10. Жобалары бар конверттерді ашқан кезде конкурстық комиссия қатысушы тұлғаларға конкурсқа қатысушы ұйымдардың атаулары мен орналасқан жерлерін және ұсынылған жобалардың атауларын хабарлайды.
11. Конкурстық комиссия конкурсты өткізу қорытындылары бойынша осы Қағидаларға қосымшада көрсетілген критерийлер негізінде конкурсқа ұсынылған жобаларды қарайды.
Конкурстық жобаларды бағалау әрбір критерий бойынша баллдарды қосу жолымен жүргізіледі. 
Екі немесе бірнеше жобалық ұсыныстардың жиынтық баллдары тең болған жағдайда, аз болжамды құнды ұсынып отырған жобаға ықылас беріледі. 
12. Конкурстық ұсыныстарды бағалауды конкурстық комиссия конверт ашылған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде өткізеді. 
1) егер конкурсқа конкурс талаптарына сәйкес келетін бірде-бір жоба ұсынылмаған болса; 
2) егер қарау нәтижелері бойынша барлық ұсынылған жобалар тиімділігі аз деп бағаланса өткізілмеді деп танылады. 
14. Конкурс өтпеді деп танылған жағдайда конкурсты ұйымдастырушы конкурсты қайта өткізу туралы шешім қабылдайды.
15. Конкурс нәтижесінде конкурс шарттарына сәйкес келетін және жоба шарттары бойынша неғұрлым басымды болып табылатын бір жоба таңдалады. 
Конкурстың нәтижелері конкурсты өткізу туралы хабарландыру болған баспа басылымында жарияланады.
16. Конкурстық комиссияның шешімі ашық дауыс берумен қабылданады және егер оған конкурстық комиссияның қатысып отырған мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс бергенде қабылданды деп саналады. Дауыстар тең болған жағдайда, конкурстық комиссияның төрағасы дауыс берген шешім қабылданды деп саналады.
Конкурстық комиссияның кез келген мүшесі конкурстық комиссияның шешімімен келіспеген жағдайда, ерекше пікір білдіреді, оны жазбаша түрде береді және конкурс қорытындыларының хаттамасына қоса тіркейді.
Қоршаған ортаны қорғау
 саласындағы жобаларды
 ашық конкурстарын өткізу
 қағидаларына қосымша
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жобалардың ашық конкурсына ұсынылған жобаларды бағалау критерийлері
1. Жобаның қоршаған ортаны қорғау саласындағы басымдықтарға сәйкестігі:
жұртшылықпен жұмыс істеу және ақпарат тарату – 15 балл; 
биологиялық әртүрлілікті қорғау – 30 балл; 
экологиялық таза технологияларға инвестициялар – 35 балл. 
ғылыми негіздемесі және техника-экономикалық негіздемесі бар – 30 балл; 
егжей-тегжейлі жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленген – 50 балл. 
инновациялар болашақта таратылуы мүмкін – 25 балл. 
7. Қоршаған ортаны қорғау саласында басымдықтарға қол жеткізу: 
басымдықтарға қол жеткізілмейді – 0 балл; 
басымдықтарға ішінара қол жеткізіледі – 10 балл; 
басымдықтарға толық қол жеткізіледі – 30 балл. 
8. Жиынтық қойылған баллдарға сәйкес жобалар былай бағаланады: 
Полная версия
ИС BestProfi