Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 01.01.2019
Энергия өндіруші ұйымдар тобы үшін электр энергиясына шекті тарифтерді бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 160 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 31 наурызда № 10595 тіркелді
Осы Бұйрық 2019 жылдың 1 қантарына дейін қолданыста болды осы Бұйрықтың 4-тармағына сәйкес
Редакция 30.12.2016 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 5-бабының 70-25) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 17.05.2016 жылғы № 209 Бұйрығына сәйкес (30.11.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.07.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
1. Қоса беріліп отырған электр энергия өндіруші ұйымдар тобы үшін энергиясына шекті тарифтер бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруын;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2019 жылдың 1 қантарына дейін күшке ие.
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 30.11.2015 жылғы № 676 Бұйрығына сәйкес (27.02.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.12.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Қазақстан Республикасы
 Энергетика министрінің
 2015 жылғы 27 ақпандағы
 № 160 бұйрығымен
 бекітілген
Энергия өндіруші ұйымдар тобы үшін электр энергиясына шекті тарифтер
Шекті тарифтер жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 30.11.2015 жылғы № 676 Бұйрығына сәйкес (27.02.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.12.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Шекті тарифтер өзгертілді ҚР Энергетика министрінің 17.05.2016 жылғы № 209 Бұйрығымен (30.11.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.07.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Шекті тарифтер жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 30.12.2016 жылғы № 577 Бұйрығына сәйкес (17.05.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс және 01.01.2017 жылдан бастап туындаған қатынастарға қолданылады) 18.01.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды

Тобы

Жылдар бойынша энергия өндіруші ұйымдар тобы үшін электр энергиясына шекті тарифтер

2016

2017

2018

1-топ

8,8

8,8

8,8

2-топ

8,7

9,47

9,47

3-топ

7,5

7,5

7,5

4-топ

6

6

6

5-топ

8,05

8,05

8,05

6-топ

8,3

8,3

8,3

7-топ

7,3

7,3

7,3

8-топ

7,5

7,5

7,5

9-топ

7,6

7,6

7,6

10-топ

8,6

8,6

8,6

11-топ

13,63

14,18

14,18

12-топ

12,68

12,68

12,68

13-топ

4,5

4,5

4,5

14-топ

10,64

10,64

10,64

15-топ

8,3

10,64

11,13

16-топ

13,48

13,48

13,48

17-топ

-

14,68

14,68

Полная версия
ИС BestProfi