«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 144-бабының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 30.10.2018
"Дезинфекция, дезинсекция мен дератизацияны ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 қаңтардағы № 48 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 5 наурызда № 10388 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2018 жылғы 30 қазаннан бастап ҚР Денсаулық сақтау министрінің 28.08.2018 жылғы № ҚР ДСМ-8 Бұйрығына сәйкес
Редакция 29.08.2016 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған «Дезинфекция, дезинсекция мен дератизацияны ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті (Ә.Б. Мәтішев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі Т.М. Жақсылықовқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Е. Досаев
КЕЛІСІЛГЕН Қақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі ___________Т. Дүйсенова 2015 жылғы 28 қаңтар
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 қаңтардағы № 48 бұйрығымен бекітілген
«Дезинфекция, дезинсекция мен дератизацияны ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы «Дезинфекция, дезинсекция мен дератизацияны ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) дезинфекция, дезинсекция және дератизацияны ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын талаптарды белгілейді.
2. Осы Санитариялық қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылды:
1) ағымдағы дезинфекция – науқас ауру ошағында болған кезде әрбір нозологиялық нысан үшін белгіленген жиілікпен жүргізілетін дезинфекция;
2) гнус – ашық табиғатта және елді мекендерде адамды шағатын және оның қанын соратын қансорғыш жәндіктердің – масалардың, соналардың, майда шыбындардың, есекқұрттардың, бәкене шыбындардың бірқатар түрлері;
3) далалық дезинсекция – адамдар болатын жерлерге қорғаныш аймақтарын құру және қансорғыш жәндіктер мен кенелердің санын азайту мақсатында елді мекен шегінде оларды жою;
Полная версия