«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 144-бабының 6-тармағына және 150-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 04.01.2021
Пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулар тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 130 бұйрығы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 26 наурызда № 10527 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2021 жылғы 4 қантардан бастап ҚР Денсаулық сақтау министрінің 21.12.2020 жылғы № ҚР ДСМ-293/2020 Бұйрығына сәйкес
Редакция 11.05.2020 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған Пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулар тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Е. Досаев
«КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі ___________ Т. Дүйсенова 2015 жылғы 25 ақпан
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы №130 бұйрығымен бекітілген
Пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулар тізбесі
Тізбе жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 06.05.2020 жылғы № ҚР ДСМ-45/2020 Бұйрығына сәйкес (25.02.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.05.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
№ |
Инфекциялық аурулардың атауы |
1. |
Оба |
2. |
Тырысқақ |
3. |
Сары қызба |
4. |
Вирустық геморрагиялық қызбалар |
5. |
Ауыр жіті респираторлық синдром (АЖРС) |
6. |
Вирустың жаңа кіші типі тудырған адамның тұмауы |
7. |
Вирустың жаңа кіші типі тудырған коронавирустық инфекция |
Полная версия