Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасында мемлекеттік жер кадастрын жүргізу ережесін бекіту туралы
 Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 160 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 26 қаңтарда № 10147 тіркелді
Редакция 22.12.2015 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 14-бабының 1-тармағының 16-3) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында мемлекеттік жер кадастрын жүргізу ережесі.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті (Б.Ә. Смағұлов) заңнамаға белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрінің орынбасары Қ.А. Өскенбаевқа жүктелсін.
4. Аталған бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 160 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасында мемлекеттік жер кадастрын жүргізудің қағидалары
         1. Осы Қағидалар 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне (бұдан әрі - Жер кодексі) сәйкес әзірленді және мемлекеттік жер кадастрын жүргізу тәртібін белгілейді.
2. Қазақстан Республикасында мемлекеттік жер кадастры (бұдан әрі - Кадастр) мемлекеттік органдарды, жеке және заңды тұлғаларды жер және жекелеген жер учаскелері туралы ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.12.2015 жылғы № 782 Бұйрығына сәйкес (23.12.2014 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.03.2016 жылдан бастап)
Кадастрды жүргізу жөніндегі қызмет мемлекеттік монополияға жатады және оны мемлекеттік жер кадастрын жүргізетін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) жүзеге асырады.
Кадастрды жүргізуге технологиялық байланысты қызметке:
1) жергілікті жерде әкімшілік-аумақтық бірліктердің, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың, мемлекеттік орман және су қорлары жерлерінің шекараларын белгілеу;
2) жер пайдалануды қалыптастыру мен ретке келтіру жөніндегі жобаларды, бүлінген жерді рекультивациялау жобаларын жасау, жергілікті жерде жер учаскелерінің шекараларын белгілеу;
Полная версия
ИС BestProfi