Близость слов: Окончание:





Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер өткізу қағидаларын бекіту туралы
 Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 110 бұйрығы
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 26 наурызда № 10535 тіркелді
Редакция 14.12.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 304) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 04.10.2022 жылғы № 312 Бұйрығына сәйкес (27.10.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 07.12.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 25.11.2024 жылғы № 414 Бұйрығына сәйкес (04.10.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.12.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер өткізу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруын;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 20 ақпандағы
№ 110 бұйрығымен
бекітілген
Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер өткізу қағидалары
Осы қағидалар өзгертілді ҚР Энергетика министрінің 27.10.2020 жылғы № 368 Бұйрығымен (20.02.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 15.11.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 04.10.2022 жылғы № 312 Бұйрығына сәйкес (27.10.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 07.12.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 304) тармақшасына сәйкес әзірленді және жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер өткізу тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 25.11.2024 жылғы № 414 Бұйрығына сәйкес (04.10.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.12.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын ұғымдар мен анықтамалар Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасына сәйкес қолданылады.
2-тарау. Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер өткізу тәртібі
3. Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 15-6-бабының 1-тармағына сәйкес, Заңның 15-1-бабының 8-тармағында көрсетілген жағдайда электр энергетикасы саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) Заңның 15-5-бабының 11-тармағында көзделген уәкілетті органмен жасалған шартқа сәйкес Тұлғалар топтарының тізіліміне енгізілген көтерме сауда нарығының субъектілері құратын электр қуатының шамасын шегере отырып, болжанатын тапшылықты жабу үшін қатты отынмен электр энергиясын өндіруді жүзеге асыратын электр қуатының көлеміне жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендер (бұдан әрі – тендер) өткізеді.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 25.11.2024 жылғы № 414 Бұйрығына сәйкес (04.10.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.12.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Полная версия
ИС BestProfi