Электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 24 ақпандағы № 137 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 27 наурызда № 10550 тіркелді
«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 39) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 27.01.2022 жылғы № 28 Бұйрығына сәйкес (13.01.2020 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 05.04.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруын;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын ұйымдастыру қағидалары
Қағидалар өзгертілді ҚР Энергетика министрінің 05.08.2016 жылғы № 376 Бұйрығымен (24.02.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 21.09.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 13.01.2020 жылғы № 8 Бұйрығына сәйкес (05.08.2016 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 31.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 01.07.2023 жылғы № 252 Бұйрығына сәйкес (27.01.2022 ж. редакцияны қараңыз)
Қағидалар өзгертілді ҚР Энергетика министрінің 27.01.2022 жылғы № 28 Бұйрығымен (13.01.2020 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 05.04.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі
Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 01.07.2023 жылғы № 252 Қаулысына сәйкес (27.01.2022 ж. редакцияны қараңыз)
1. Электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттықты ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабының 39) тармақшасына сәйкес әзірленді және электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттықты ұйымдастыру тәртібін айқындайды.
1) бағаны көтеруге арналған сауда-саттық әдісі – орталықтандырылған сауда саттықты өткізу әдісі, онда мәміленің бағасы ең жоғарыдан бастап сатып алуға өтінімдердің бағалары бойынша анықталады;
2) жеке кабинет – мамандандырылған қолжетімділік түрінде орталықтандырылған сауда нарығының операторы ұсынған электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектісінің және электрондық сауда жүйесіндегі электр энергиясын бірыңғай сатып алушының цифрлық жұмыс орны;