Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 29.06.2018
Көмірсутек шикізатына, көмір және уранға жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстарды өткізу жөніндегі комиссияның ережесін бекіту туралы
 Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 13 наурыздағы № 187 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 14 сәуірде № 10710 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2018 жылғы 29 маусымнан бастап ҚР Энергетика министрінің 28.04.2018 жылғы № 152 Бұйрығына сәйкес
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымындағы Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабы 27-4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Көмірсутек шикізатына, көмір және уранға жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстарды өткізу жөніндегі комиссия туралы ереже бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Жер қойнауын пайдалану департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықты мерзiмдi баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдануын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруын;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Энергетика министрінің
2015 жылғы 13 наурыздағы
 № 187 бұйрығымен
 бекітілген
Көмірсутек шикізатына, көмір және уранға жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстарды өткізу жөніндегі комиссияның ережесі
         1. Көмірсутек шикізатына, көмір және уранға жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстарды өткізу жөніндегі комиссияның ережесі Қазақстан Республикасы бойынша көмірсутек шикізаты, көмір мен уранға жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстың (бұдан әрі - Комиссия) міндеттерін, функцияларын, құқықтары мен жұмыс тәртібін анықтайды.
2. Комиссия Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес көмірсутек шикізаты, көмір мен уран бөлігінде пайдалы қазбаларға қатысты жер қойнауын пайдалану құқығын беру үшін конкурс өткізу және оның жеңімпазын айқындау мақсатында құрылған тұрақты жұмыс істейтін алқалы орган.
3. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерін, Қазақстан Республикасының өзге нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
2. Комиссияның міндеттері, функциялары мен құқықтары
1) көмірсутек шикізаты, көмір мен уран бөлігінде пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге, бірлескен барлау мен өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын алуға конкурстық ұсыныстарды қарау және бағалау;
Полная версия
ИС BestProfi