Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 13.08.2019
Арнайы экономикалық аймақ құрылатын жеке меншіктегі жер учаскелерін уақытша өтеулі қайталап пайдаланудың (қосалқы жалға алудың) үлгілік шартын бекіту туралы
 Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 214 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 10 сәуірде № 10701 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2019 жылғы 13 тамыздан бастап ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 19.07.2019 жылғы № 522 Бұйрығына сәйкес 
Редакция 31.12.2015 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 8-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Арнайы экономикалық аймақ құрылатын жеке меншіктегі жер учаскелерін уақытша өтеулі қайталап пайдаланудың (қосалқы жалға алудың) үлгілік шарты бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Инвестициялар комитетіне (Е.Қ. Хаиров):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмесін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарына және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығының» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметті ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ивестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі Ә. Исекешев
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
 2015 жылғы 27 ақпандағы
 № 214 бұйрығымен бекітілген
Арнайы экономикалық аймақ құрылатын жеке меншіктегі жер учаскелерін уақытша өтеулі қайталап пайдаланудың (қосалқы жалға алудың) үлгілік шартын бекіту туралы
Үлгілік шарт өзгертілді ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 31.12.2015 жылғы № 1285 Бұйрығымен (27.02.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.02.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
___________________ қаласы  20__ жылғы «__» __________________
       (шарт жасалған орын)                        (шарт жасалған күн)
_____________________________________________________________________
                   (Басқарушы компания атауы)
тұлғасында__________________________________________________________,
                              (жарғы, ереже)
негізінде әрекет ететін, бұдан әрі «Жалға беруші» деп аталатын ______
бір тараптан және __________________________________________________,
                             (жарғы, ереже, №___ ЖК куәлігі)
негізінде әрекет ететін ________________________________ тұлғасында
Полная версия
ИС BestProfi