Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 29.06.2018
Көмірсутек шикізатына, көмір және уранға қатысты мемлекеттің басым құқығын жүзеге асыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 258 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 22 сәуірде № 10770 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2018 жылғы 29 маусымнан бастап ҚР Энергетика министрінің 28.04.2018 жылғы № 152 Бұйрығына сәйкес
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңының 17 бабының 27-3) тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берілген Көмірсутекті шикізатына, көмір және уранға қатысты мемлекеттің басым құқығын жүзеге асыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ереже бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жер қойнауын пайдалану Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың көшірмесін мерзiмдi баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдануын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруын;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Энергетика министрінің
 2015 жылғы 31 наурыздағы
 № 258 бұйрығымен
 бекітілді
Көмірсутек шикізатына, көмір және уранға қатысты мемлекеттің басым құқығын жүзеге асыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ереже
           1. Мемлекеттің басым құқығын жүзеге асыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) Қазақстан Республикасындағы жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты кен орындарының жер қойнауы учаскелерінде жер қойнауын пайдалану құқығын иеліктен шығару кезінде мемлекеттің сатып алу (сатып алудан бас тарту) туралы мәселелерді қарау және ұсынымдарды әзірлеу мақсатында құзырлы органмен құрылатын консультативтік-кеңесші орган болып табылады. 
2. Комиссия өзінің қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерін, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені (бұдан әрі - Ереже) басшылыққа алады.
2. Комиссияның негізгі міндеттері, функциялары мен құқықтары
         3. Комиссияның негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
1) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік туралы заңнамасының талаптарын ескере отырып, жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектіні иеліктен алу туралы өтініштерді қарау;
2) мемлекеттің басым құқығын іске асыру мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу.
1) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін) иеліктен алу туралы жер қойнауын пайдаланушылардың өтініштерін қарау;
2) жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғадағы қатысу үлестерін (акциялар пакеттерін) иеліктен алу туралы тұлғалардың өздеріне тиесілі өтініштерін қарау;
3) егер осы заңды тұлғалардың негізгі қызметі Қазақстан Республикасындағы жер қойнауын пайдаланумен байланысты болса, тұлғалардың шешімдерді тікелей және (немесе) жанама түрде айқындау және (немесе) жер қойнауын пайдаланушы қабылдайтын шешімдерге ықпал ету мүмкіндігі бар заңды тұлғалардағы өздеріне тиесілі қатысу үлестерін (акциялар пакеттерін) иеліктен шығару туралы өтініштерін қарау;
4) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты иеліктен шығарылатын объектіні мемлекеттің сатып алуы туралы не сатып алудан бас тартуы туралы ұсыныстарды әзірлеу, негіздеу және тиісті құзыретті органға енгізу кіреді.
1) орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасуға;
2) оның құзыретіне жататын мәселелер бойынша отырыстарға мемлекеттік органдардың, ұйымдардың өкілдерін, лауазымды адамдарды және азаматтарды шақыруға және тыңдауға;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, лауазымды адамдардан және азаматтардан оның функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті материалдарды сұратуға және алуға құқығы бар.
3. Комиссияның қызметін ұйымдастыру және тәртібі
         6. Комиссияның төрағасы оның қызметіне басшылық жасайды, отырыстарына төрағалық етеді, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешімдерінің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады. Төраға болмаған кезде оның міндеттерін орынбасары атқарады.
7. Комиссияның жұмыс органы комиссия жұмысын ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, оның ішінде олар комиссия отырысы өткізілгенге дейін үш жұмыс күні ішінде хаттама жобасымен қоса комиссия мүшелеріне жіберілуі тиіс комиссия отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындайды. 
Комиссияның жұмыс органының функцияларын Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті жүзеге асырады
8. Құзыретті орган өтініш түскен күннен бастап жиырма жұмыс күнінің ішінде Комиссияның қарауына Қазақстан Республикасындағы жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты, кен орындарының жер қойнауы учаскелерінде иеліктен шығарылатын жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді сатып алу (сатып алудан бас тарту) туралы ұсыныс әзірлеуге қажетті материалдарды енгізеді.
9. Комиссияның отырыстары Комиссия материалдарын қарау мерзімдерін ескере отырып, қажеттілігіне қарай өткізіледі.
10. Комиссия мүшелері қызметтеріне алмастыру құқығынсыз қатысады.
11. Комиссияның отырысы Комиссия мүшелері жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан кезде, заңды болып есептеледі.
12. Комиссия өзіне тиесілі жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектіні иеліктен шығару ниеті бар тұлғаның өтініші, оған қоса берілген құжаттары және өзге де материалдар алынған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде иеліктен шығарылатын жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектіні мемлекеттің сатып алуы не сатып алудан бас тартуы туралы ұсынымдар әзірлейді.
13. Ұсынылған материалдарды қарау Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік туралы заңнамасының талаптарын ескере отырып жүргізіледі.
14. Қарау қорытындылары бойынша Комиссия Қазақстан Республикасындағы жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты, кен орындарының жер қойнауы учаскелерінде иеліктен шығарылатын жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектіні мемлекеттің сатып алуы (сатып алудан бас тартуы) туралы тиісті ұсынымдарды әзірлейді.
15. Комиссия Қазақстан Республикасындағы жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты, кен орындарының жер қойнауы учаскелерінде иеліктен шығарылатын жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектіні сатып алуды жүзеге асыру ниеті туралы мәлімдеген ұлттық басқарушы холдингтің немесе ұлттық компанияның осындай сатып алуы туралы ұсынымдар әзірлеген жағдайда, Комиссия құзыретті органға ұлттық басқарушы холдингті немесе ұлттық компанияны мемлекет атынан осындай сатып алушы ретінде айқындауды ұсынады.
16. Комиссия ұлттық басқарушы холдингтің немесе ұлттық компанияның тарапынан сатып алу туралы ниет болмаған жағдайларда Қазақстан Республикасындағы жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты, кен орындарының жер қойнауы учаскелерінде иеліктен шығарылатын жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектіні сатып алу туралы ұсынымдар әзірлеген кезде, сатып алуға уәкілетті мемлекеттік органды айқындау үшін мәселе Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына енгізіледі.
17. Комиссия шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданады және оларға комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыс беру комиссия отырысында қосымшаға сәйкес нысан бойынша дауыс беру парағын толтыру жолымен өткізіледі.
Комиссия мүшелерiнiң ерекше пiкiр білдіруге құқығы бар, оны бiлдiрген жағдайда, ол жазбаша түрде жазылуы және Нұсқаулықтың 24-тармағында көзделген комиссия отырысының есеп-хатына қоса берілуі тиiс.
Комиссияның отырыстарын өткізу нәтижелері бойынша және дауыс беру парақтары негізінде үш жұмыс күні ішінде хаттама жасалады, оған төраға мен хатшы қол қояды.
Дауыс беру қорытындысы бойынша хаттама жобасының мазмұны өзгерген жағдайда, комиссия хатшысы қабылданған шешімнің нақтыланған редакциясы бар дауыс беру парағын комиссия мүшелеріне келісу үшін жібереді.
Комиссия мүшелері дауыс беру парағын алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде келісу не себептерін негіздей отырып, келіспеу туралы жауап береді.
18. Комиссия отырысы өткізілгеннен кейін комиссия хатшысы хаттама ресімдейді. Хатшы Комиссия мүшесі болып табылмайды.
19. Дауыс беру парақтарымен қоса, комиссия материалдары мен хаттамалық шешімдерін есепке алуды және сақтауды комиссияның жұмыс органы жүзеге асырады.
20. Хаттама қол қойылғаннан кейін иеліктен шығарылатын жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектіні сатып алу (сатып алудан бас тарту) туралы шешім қабылдау үшін құзыретті органға жіберіледі.
         24. Комиссия өз қызметін Қазақстан Республикасы Энергетика Министрінің бұйрығының негізінде тоқтатады.
Көмірсутек шикізатына,
 көмір және уранға қатысты
 мемлекеттің басым құқығын
 жүзеге асыру мәселелері
 жөніндегі ведомствоаралық
 комиссия туралы ережесіне
 Қосымша
 ДАУС БЕРУ ПАРАҒЫ
___________________________________________
Т.А.Ә., лауазымы
 

Мәселе №

Мәселенің мазмұны

Шешім жобасы

Комиссия/жұмыс тобы мүшесінің шешімі

қолдаймын

қолдамаймын

пысықталсын

күн тәртібінен алып тасталсын

ескертпе

1.





























Полная версия
ИС BestProfi