«Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңының 9-бабы 1-тармағының 26-17) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кемелердi, салдарды және өзге де жүзу объектiлерiн айлаққа қою, тоқтату және олардың тұрақта тұруы үшін уақытша құрылғылар мен жүзу құрылыстарын орнату, жолаушыларды кемеге отырғызу және кемеден түсiру, жүктердi тиеу, түсiру және сақтау қағидаларын бекiту туралы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 24 ақпандағы № 185 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 9 сәуірде № 10656 тіркелді
Редакция 17.01.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған Кемелердi, салдарды және өзге де жүзу объектiлерiн айлаққа қою, тоқтату және олардың тұрақта тұруы үшін уақытша құрылғылар мен жүзу құрылыстарын орнату, жолаушыларды кемеге отырғызу және кемеден түсiру, жүктердi тиеу, түсiру және сақтау қағидалары бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, оның көшірмесін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы «Әділет» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн он жұмыс күні iшiнде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәлiметтердi Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгiнiң Заң департаментiне ұсынуды қамтамасыз етсiн.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы Ж.Қасымбек
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 185 бекітілген
Кемелердi, салдарды және өзге де жүзу объектiлерiн айлаққа қою, тоқтату және олардың тұрақта тұруы үшін уақытша құрылғылар мен жүзу құрылыстарын орнату, жолаушыларды кемеге отырғызу және кемеден түсiру, жүктердi тиеу, түсiру және сақтау қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Кемелердi, салдарды және өзге де жүзу объектiлерiн айлаққа қою, тоқтату және олардың тұрақта тұруы үшін уақытша құрылғылар мен жүзу құрылыстарын орнату, жолаушыларды кемеге отырғызу және кемеден түсiру, жүктердi тиеу, түсiру және сақтау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Iшкi су көлiгi туралы» 2004 жылғы 6 шiлдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 26-17) тармақшасына сәйкес әзiрленген, оны пайдаланудың тәртiбi мен шарттарын айқындайды.
2. Қағидалар Кемелердi, салдарды және өзге де жүзу объектiлерiн айлаққа қою, тоқтату және олардың тұрақта тұруы үшін уақытша құрылғылар мен жүзу құрылыстарын орнату, жолаушыларды кемеге отырғызу және кемеден түсiру, жүктердi тиеу, түсiру және сақтау тәртібін айқындайды.
3. Қағидалар Қазақстан Республикасының ішкі су жолдарында қызметін жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға қолданылады.
4. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) арқандап байлау – кеменің айлаққа, пирске немесе басқа кемелерге жақындап келуі және бекітілуі бойынша іс-қимылдар;
2) уақытша құрылғылар және жүзбелі құрылыстар (бұдан әрі – құрылыстар) – кемелердің қауіпсіз тоқтап тұруына, жүкті өңдеуге және қызмет көрсетуге арналған, порттың немесе айлақтың құрамындағы уақытша инженерлік гидротехникалық құрылыс (дебаркадерлер, айлақтық понтондар, жүзбелі: қонақ үй, жатақхана, демалыс үйі, мейрамхана, шеберханалар).
2. Кемелердi, салдарды және өзге де жүзу объектiлерiн айлаққа қою, тоқтату және олардың тұрақта тұруы үшін уақытша құрылғылар мен жүзу құрылыстарын орнату, жолаушыларды кемеге отырғызу және кемеден түсiру, жүктердi тиеу, түсiру және сақтау тәртібі
5. Құрылыстар тасымалдардың транзиттік, аралық және соңғы пункттерінде орнатылады.
6. Құрылыстар жағалауға кемелерге, салдарға және өзге де жүзу объектілеріне, сондай-ақ жолаушыларға, жүктер, багажды мен багажды түсіріп, тиеуді кезінде қамтамасыз ететіндей түрде қауіпсіз қызмет көрсетуді арқандап байланады.
7. Жолаушыларға қызмет көрсету үшін құрылыстар:
1) құтқару, сигнал беру және өртке қарсы құралдармен;
2) тіркеп сүйреу кнехталарымен, кеменің алдыңғы және артқы жағы үшін арқандап байлау құралдарымен және жағалау жақтан тірек құралдарымен;
3) ені кемеден құрылысқа кемінде 1 метр және құрылыстан жағалауға кемінде 2 метр орташа шыбығы бар, биіктігі 110 сантиметр тұтқалармен қоршалған берік және қауіпсіз басқыштармен;
4) мүгедектігі бар адамдарды, оның ішінде кресло-арбалармен жүріп-тұратын адамдарды отырғызу және түсіруге арналған құрылғылармен;
4-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 30.12.2022 жылғы № 761 Бұйрығына сәйкес (24.02.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 17.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5) құрылыс корпусында теплоходтың отырғызу алаңы деңгейінде орнатылған отырғызу алаңы, теплоходтың негізгі палубасы деңгейінде отырғызу эстакадасымен. Кез келген жағдайда траптың көкжиекке көлбеу бұрышы 30 градустан аспайды;
6) жерге тұйықтағыш құрылғымен жабдықталады.
8. Жолаушы үй-жайлары бар дебаркадерлері болмаған елді мекендерде павильондар, ал қала маңындағы желілер мен өткелдерде орындықтары бар шатырлы қалқалар салынады. Бұл ретте осындай павильондардың иелері жолаушылардың қауіпсіздігі мақсатында жолаушыларды отырғызу және түсіру орындарын қажетті құрылғылармен жабдықтайды.
9. Құрылыстарға кіреберіс жолдар жиектемесі, қарсы келетін автокөліктің жүріп өтуі үшін жүру бөлігінің жеткілікті ені бар қатты жабынмен, автокөлік тұруға арналған орынмен, периметрі бойынша жарықтандырумен, қоқысты жинау орнымен, ал жолаушылар порттарында (жолаушы айналымы күніне 300-ден астам адам) қосымша – су құбырымен және кәрізбен жабдықталады.
10. Айлақтық жақтау понтондары жолаушыларды отырғызу және түсіру кезінде кемелерді қауіпсіз арқандап байлау үшін терең жерлерінде орнатылады.
11. Жүк-жолаушы құрылыстары қайта тиеу жұмыстары үшін құрылғылармен, жүк пен багажды уақытша сақтау үшін қойма алаңдарымен, жүктер үшін жабық үй-жайлармен жабдықталады.
12. Тиеу-түсіру жұмыстары пункттерінде жағалау мен кеме арасында жүзбелі понтондар қолданылады. Бұл жағдайда тиеу механизмі жағалауда немесе тікелей кемеде орналастырылады.
13. Мұнай құю жүктерін тиеу-түсіру жұмыстары үшін сорғылар орнатылған құрылыстар тұрғын үй мен өндірістік ғимараттардан, тиеудің жалпы орындарынан және кемелердің тұрағынан кемінде 250 метр қашықтықта елді мекендерден төмен орналасады.
Полная версия