Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 12.06.2020
Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүзеге асыру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 29 қаңтардағы № 29 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 9 сәуірде № 10664 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 12 маусымнан бастап ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.05.2020 жылғы № 132 Бұйрығына сәйкес 
«Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» 1992 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабының 14-5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Тарих және мәдениет ескерткiштерiндегі археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүзеге асыру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын бiлiктiлiк және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер істері департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуінен кейін он күнтізбелік күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жолдауын;
3) осы бұйрықтың ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы тармақпен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді іс-шараларды орындағаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін. 
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі Ғ. Ахмедьяровқа жүктелсін. 
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі А. Мұхамедиұлы
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Инвестиция және даму министрі
____________ Ә. Исекешев
2015 жылғы 10 наурыз
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
____________ Е. Досаев
2015 жылғы 25 ақпан
Қазақстан Республикасы
 Мәдениет және спорт министрінің
 2015 жылғы 29 қаңтардағы
 № 29 бұйрығымен бекітілген
Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүзеге асыру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі



р/с

Бiлiктiлiк талаптары

Құжаттар тізбесі

1

2

3

Тарих және мәдениет ескерткiштерiнде археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөнiндегi лицензияны алу үшiн

заңды тұлғалар үшін

1.

Өтiнiш берушiде жоғары бiлiмi («археология және этнология», «тарих») және археология саласында үш жылдан кем емес тиiстi жұмыс өтiлi бар, негiзгi қызметкер болып табылатын ғылыми жетекшiлердің болуы

Осы тарих және мәдениет ескерткiштерiндегі археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүзеге асыру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын бiлiктiлiк талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бiлiктiлiк талаптарына сәйкестігі туралы мәлiметтер

2.

Тарих және мәдениет ескерткiштерiнде археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөнiндегi мамандандырылған жабдықтардың болуы

Осы тарих және мәдениет ескерткiштерiндегі археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүзеге асыру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын бiлiктiлiк талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мамандандырылған жабдықтар туралы мәлiметтер

3.

Тарих және мәдениет ескерткiштерiнде археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру құқығына археология саласындағы ғылыми ұйымның ұсынымдарының болуы

Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретінде аккредиттациясы бар ғылыми ұйымның ұсыным хаты

жеке тұлғалар үшiн

1.

Өтiнiш берушiнiң жоғары бiлiмi («археология және этнология», «тарих») және археология саласында үш жылдан кем емес тиiстi жұмыс өтiлi

Осы тарих және мәдениет ескерткiштерiндегі археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүзеге асыру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын бiлiктiлiк талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бiлiктiлiк талаптарына сәйкестігі туралы мәлiметтер

2.

Тарих және мәдениет ескерткiштерiнде археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөнiндегi мамандандырылған жабдықтардың болуы

Осы тарих және мәдениет ескерткiштерiндегі археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүзеге асыру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын бiлiктiлiк талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мамандандырылған жабдықтар туралы мәлiметтер

3.

Тарих және мәдениет ескерткiштерiнде археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру құқығына археология саласындағы ғылыми ұйымның ұсынымдарының болуы

Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретінде аккредиттациясы бар ғылыми ұйымның ұсыным хаты

Тарих және мәдениет ескерткiштерiнде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүзеге асыруға лицензия алу үшiн

заңды тұлғалар үшiн

1.

Өтiнiш берушiнiң жоғары немесе арнайы орта бiлiмi («сәулет», «реставрациялау») және ғылыми-реставрациялау саласында үш жылдан кем емес тиiстi жұмыс өтiлi бар, негiзгi қызметкер болып табылатын ғылыми жетекшiлердің болуы

Осы тарих және мәдениет ескерткiштерiндегі археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүзеге асыру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын бiлiктiлiк талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бiлiктiлiк талаптарына сәйкестігі туралы мәлiметтер

2.

Тарих және мәдениет ескерткiштерiнде ғылыми-қалпына келтiру жұмыстарын жүзеге асыру жөнiндегi жабдықтардың болуы

Осы тарих және мәдениет ескерткiштерiндегі археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүзеге асыру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын бiлiктiлiк талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мамандандырылған жабдықтар туралы мәлiметтер

жеке тұлғалар үшiн

1.

Өтініш берушіде жоғары немесе арнайы орта бiлiмi (сәулет, реставрациялау) және ғылыми-қалпына келтiру саласында үш жылдан кем емес тиiстi жұмыс өтiлiнің болуы

Осы тарих және мәдениет ескерткiштерiндегі археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүзеге асыру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын бiлiктiлiк талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бiлiктiлiк талаптарына сәйкестігі туралы мәлiметтер

2.

Тарих және мәдениет ескерткiштерiнде ғылыми-қалпына келтiру жұмыстарын жүзеге асыру жөнiндегi мамандандырылған жабдықтардың болуы

Осы тарих және мәдениет ескерткiштерiндегі археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүзеге асыру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын бiлiктiлiк талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мамандандырылған жабдықтар туралы мәлiметтер

Тарих және мәдениет
 ескерткiштерiндегі археологиялық
және (немесе) ғылыми-реставрациялау
 жұмыстарын жүзеге асыру қызметін
 лицензиялау кезінде қойылатын
 бiлiктiлiк талаптары және оларға
 сәйкестікті растайтын құжаттар
 тізбесіне 1-қосымша
Бiлiктiлiк талаптарына сәйкестігі туралы мәлiметтер (заңды тұлға үшін)
Полная версия
ИС BestProfi