«Оңалту және банкроттық туралы» 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 03.05.2020
Әкімшінің оңалту рәсімінің және банкроттық рәсімінің жүзеге асырылу барысы туралы ағымдағы және сұратылатын ақпаратты ұсыну қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 10 наурыздағы № 159 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 14 сәуірде № 10708 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 3 мамырдан бастап ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 16.04.2020 жылғы № 390 Бұйрығына сәйкес
Редакция 09.12.2015 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған Әкімшінің оңалту рәсімінің және банкроттық рәсімінің жүзеге асырылу барысы туралы ағымдағы және сұратылатын ақпаратты ұсыну қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д. Е. Ерғожин) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелуін;
2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық -құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Б. Сұлтанов
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 10 наурыздағы № 159 бұйрығымен бекітілген
Әкімшінің оңалту рәсімінің және банкроттық рәсімінің жүзеге асырылу барысы туралы ағымдағы және сұратылатын ақпаратты ұсыну қағидалары
1.Жалпы ережелер
1. Осы Әкімшінің оңалту рәсімінің және банкроттық рәсімінің жүзеге асырылу барысы туралы ағымдағы және сұратылатын ақпаратты ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Оңалту және банкроттық туралы» 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабына сәйкес әзірленді.
2. Қағидалар әкімшінің оңалту рәсімінің немесе банкроттық рәсімінің жүзеге асырылу барысы туралы ағымдағы және сұратылатын ақпаратты оңалту және банкроттық саласындағы уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) ұсынудың тәртібін, нысандарын және мерзімдерін айқындайды.
2. Әкімшінің ағымдағы ақпаратты уәкілетті органға ұсыну тәртібі
3. Әкімші осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оңалту рәсімінің немесе осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша банкроттық рәсімінің жүзеге асырылу барысы туралы ағымдағы ақпаратты (бұдан әрі – ағымдағы ақпарат) ай сайын, есептіден кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірмей уәкілетті органға ұсынады.
Әкімші ағымдағы ақпаратта көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, ағымдағы ақпаратты ұсынады.
Бұрын уәкілетті органға жіберілген растайтын құжаттарды ұсыну талап етілмейді. Ағымдағы ақпаратқа жаңадан енгізілген мәліметтер бойынша растайтын құжаттар ұсынылады.
4. Ағымдағы ақпарат нысанның өзінен және ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған қосымшалардан тұрады.
Полная версия