«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 144-бабының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 05.09.2021
"Зираттарға және жерлеу мақсатындағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 138 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 8 сәуірде № 10646 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2021 жылғы 5 қыркүйектен бастап ҚР Денсаулық сақтау министрінің 19.08.2021 жылғы № ҚР ДСМ-81 Бұйрығына сәйкес
Редакция 06.07.2020 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған «Зираттарға және жерлеу мақсатындағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитет заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Е. Досаев
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақту және әлеуметтік даму министрі_____________Т.Дүйсенова 2015 жыл 2 наурыз
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 138 бұйрығымен бекітілген
«Зираттарға және жерлеу мақсатындағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалар
1-тарау. Жалпы ережелер
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.07.2020 жылғы № ҚР ДСМ-78/2020 Бұйрығына сәйкес (26.02.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 06.07.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. «Зираттарға және жерлеу мақсатындағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) зираттарды пайдалануға және күтіп ұстауға, мәйіттерді жерлеуді және қайта жерлеуді ұйымдастыруға сондай-ақ жерлеу мақсатындағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды айқындайды.
2. Осы санитариялық қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылды:
жерлеу бюросы, жерлеу қызметін көрсететін бюро-дүкендер – азалы рәсімдер жүргізу үшін тауарлар өткізу және қызмет көрсету жөніндегі объектілер;
зират – мәйіттерді жерлеу үшін арнайы бөлінген аумақ;
зираттық кезең – мәйіттерді минералдау процестері аяқталатын уақыт;
көму (жерлеу) – санитариялық, табиғатты қорғау, қала құрылысы және өзге де қағидалар мен нормаларға қайшы келмейтін, қайтыс болған адамның тілегіне, діни сеніміне, әдет-ғұрыпқа және салт-дәстүрге сәйкес қайтыс болған адамның денесін (сүйегін) жерге (қабірге, табытқа) жерлеу немесе сүйегі (күлі) бар урнаны қабірге, табытқа жерлеу арқылы отқа жағу (кремациялау) бойынша әдет-ғұрып әрекеттері;
сүйек – мәйіттің шірімеген қалдықтары.
2-тарау. Зираттарды, жерлеу мақсатындағы объектілерді жобалауға және пайдалануға беруге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.07.2020 жылғы № ҚР ДСМ-78/2020 Бұйрығына сәйкес (26.02.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 06.07.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. Зираттарды мынадай:
1) сумен жабдықтау көздері мен минералды бұлақтарды санитариялық қорғану аймақтарының бірінші және екінші белдеулерінің;
2) курортттарды санитариялық қорғанудың бірінші аймағының;
3) су басатын, сырғымаларға және құламаларға бейім, батпақты учаскелерге;
4) шаруашылық-тұрмыстық қажеттілік, шомылу және басқа да мәдени-сауықтыру іс-шаралары үшін халық пайдаланатын І және ІІ санаттағы су қоймаларының жағалауларында;
5) күйдіргі бойынша стационарлық қолайсыз пункттерін;
6) гамма-сәуленің тиімді дозасының қуаты ашық жерлерде доза қуатынан сағатына 0,2 микроЗиверттен асатын аумақтарда орналастыруға жол берілмейді.
4. Зираттар зираттың қоршауынан есептегенде:
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.07.2020 жылғы № ҚР ДСМ-78/2020 Бұйрығына сәйкес (26.02.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 06.07.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) бірінші тұрғын және қоғамдық ғимараттарға, спорттық-сауықтыру және санаторлық-курорттық аймақтарға дейін – кемінде 300 метр;
2) су көзін санитариялық қорғау аймақтарының белдеулері мен сүзу уақытын есептеулерімен арақашықтықтың жеткіліктілігін растай отырып, халықты ауызсумен жабдықтау көзіне дейін – кемінде 1000 метр қашықтықта орналастырылады. Жабық зираттар үшін бірінші тұрғын және қоғамдық ғимараттарға, спорттық-сауықтыру және санаторлық-курорттық аймақтарға дейінгі қашықтық кемінде 100 метр болады.
5. Жабық зираттарға арналған санитариялық қорғау аймағының көлемі зираттық кезең аяқталғаннан кейін де қысқартылмайды.
6. Жерлеудің жалпы алаңы зираттың жалпы алаңының 65-70 пайызы қабылданады.
7. Зиратқа арналған учаскенің тұрған орны және оның көлемі елді мекенді жоспарлау және салу жобасында зират аумағын тікелей ол жабылғаннан кейін саябақ немесе бақ салуға пайдалану мүмкіндігін ескере отырып көзделеді.
8. Жерлеу бюролары, жерлеу қызметін көрсететін бюро-дүкендер тұрғын және қоғамдық ғимараттардан кемінде 50 метр қашықтықта бөлек тұрған ғимараттарға орналастырылады.
9. Зират аумағы және жерлеу қызметін көрсететін ғимараттарға кіреберістер қоқыс жинауға арналған урналармен, қоқыс жинағыштарға өту жолы бар алаңдармен қамтамасыз етіледі.
Қоқыс жинағыштарға арналған алаңдар қоршалады және қатты жабыны болады.
10. Қабір түбінен жер асты сулары тұратын деңгейге дейін кемінде 0,5 метр есебінен қабылданады.
11. Қайтыс болған адамдарда аса қауіпті инфекциялық ауру (күйдіргі, конго-қырым геморрагиялық қызбасы және басқалары) болмаған жағдайда, жерленген сәтінен бастап алғашқы екі апта ішінде кейіннен үш жылдан ерте емес, құмдауыт жерлерде бір жылдан ерте емес және санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы болған жағдайда қайта жерлеуге жол беріледі.
12. Сүйек алынған жағдайда қабір дезинфекцияланады және топырақ себіледі, ал қабірден алынған сүйек қақпақты жәшіктерде тасымалданады, табыт жәшікке салынады және жаңа орынға тасымалданады. Жерлеу жүргізілген табыт зақымданған (сақталмаған) жағдайда, табыттың қалдықтары арнайы бөлінген орындарда өртеледі.
13. Қайта жерлеумен айналысатын адамдар:
сіреспеге және күйдіргіге қарсы егіледі;
арнайы киіммен және аяқ киіммен, жеке қорғаныш құралдарымен (резеңке етік, резеңке қолғап, респиратор немесе ауыз бен мұрынды жабатын дәке таңғыш, комбинезон) қамтамасыз етіледі.
14. Арнайы киімді үй жағдайларында жууға және залалсыздандыруға жол берілмейді, ал жұмыс жүргізу кезінде қолданылатын құрал зираттан тыс шығарылмайды.
15. Арнайы киім және арнайы аяқ киім эксгумация бойынша жұмыс аяқталғаннан кейін арнайы бөлінген орындарда тазартылуға және дезинфекциялануға жатады немесе өртеледі. Дәке таңғыштар эксгумация бойынша жұмыс аяқталғаннан кейін өртеледі.
16. Эксгумацияланған қалдықтарды тасымалдағаннан кейін көлік дезинфекциялануға жатады.
17. Этиологиясы белгісіз инфекциялардан және аса қауіпті инфекциялардан қайтыс болған адамдарды жерлеу мырышталған, тұмшаланып дәнекерленген табыттарда жүргізіледі.
18. Зиратты және қабірлерді көшіру кезінде аумақтарды (учаскелерді) рекультивациялау жүргізіледі. Тұрғын үй аумағын жоспарлау үшін қабірлердің жойылатын орындарының топырақтары пайдаланылмайды.
19. Құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде бұрын белгісіз болған қабірлер анықталған жағдайларда мәйіттің сүйектерін қайта көму және аумақты рекультивациялау қажет.
20. Зираттардың аумағы оны көшірген сәттен бастап жиырма жыл өткен соң пайдаланылады. Аумақ бұл жағдайларда тек жасыл көшеттер үшін ғана пайдаланылады.
21. Инфекциялық аурулардың әкеліну және таралу қаупі төнген жағдайда діни объектілерде шектеу іс-шаралары енгізіледі және осы Санитариялық қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес талаптарға сай күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтау қамтамасыз етіледі.
2-тарау 21-тармақпен толықтырылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.07.2020 жылғы № ҚР ДСМ-78/2020 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 06.07.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
«Зираттарға және жерлеу мақсатындағы объектілерге қойылатын санитариялық-э пидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына 1-қосымша
Қағидалар 1-қосымшамен толықтырылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.07.2020 жылғы № ҚР ДСМ-78/2020 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 06.07.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантин енгізу кезеңінде діни объектілерде санитариялық-дезинфекциялық режимге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
1. Жұмыс берушінің қалауы бойынша айқындалатын осы Тәртіпте көзделмеген кәсіпорындарда Діни объектілерде (бұдан әрі - объект) ғибадат үйлеріндегі (ғимараттарындағы) COVID-19 таралуының алдын алу жөніндегі қосымша шаралар.
2. Инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында жіті респираторлық инфекциялар (жоғары температура, жөтел, тұмау) және басқа да инфекциялық аурулар белгілері бар персонал қарап-зерттеу үшін жіберіледі.
3. Объектінің әкімшілігі ғибадат ғимараттарының (құрылыстарының) персоналын бір рет қолданылатын медициналық маскалардың жеткілікті қорымен, сондай-ақ қолды өңдеуге арналған дезинфекциялық құралдармен, тері антисептиктерімен, дезинфекциялық құралдармен қамтамасыз етуді ұйымдастырады.
4. Діни объектілерде персонал мен діни қызметшілердің маска және медициналық қолғап кию қамтамасыз етіледі.
5. Діни ғимараттарға (ғимараттарға) келушілерге кіруге міндетті түрде маскалар мен медициналық қолғаптар болған жағдайда жол беріледі.
6. Діни ғимараттарға (құрылыстарға) кіретін есіктер ашық болуы тиіс.
7. Келушілердің қолдарын өңдеу үшін көрінетін және қолжетімді жерлерде (кіреберісте, санитариялық тораптарда, құдайға құлшылық етуге арналған үй-жайларда, дәрет алуға арналған және діни мақсаттағы заттарды таратуға арналған бөлмелерде) тері антисептиктері, санитайзерлер орнатылады.
8. Діни ғимараттарда (құрылыстарда) дұға жасау кемінде 1,5 м қашықтықты сақтай отырып, адамдардың жалпы санының 30 адамнан аспайтын қатысуымен жүзеге асырылады.
9. Діни жораларды 30 адамнан аспайтын адамдардың қатысуымен өткізумен шектеледі.
10. Ғибадат ғимараттарында (құрылыстарында) және оларға бөлінген аумақта, ғибадат ету орындарында, діни бірлестіктердің мекемелері мен үй-жайларында, тұрғын үйлерде және қоғамдық тамақтандыру объектілерінде ұжымдық құдайға құлшылық ету, діни жоралар, рәсімдер мен жиналыстар өткізілмейді.
11. Діни жораларды жасауға бөлінген бөлмелерде санитариялық-гигиеналық нормалардың сақталуы қамтамасыз етіледі.
12. Ауа температурасы мен оның ылғалдылығының оңтайлы жағдайларын қамтамасыз ету үшін желдету және ауаны баптау жүйелеріне тексеру (тазалау, жуу, дезинфекциялау, сүзгілерді ауыстыру) жүргізіледі.
13. Тәулік ішінде күніне кемінде 5 рет жиілікпен ұзақтығы кемінде 15 минут барлық үй-жайларды тұрақты желдету жүргізіледі.
14. Келушілер көп жиналатын жерлерде ауаны тұрақты зарарсыздандыру мақсатында бактерицидті шамдар (келушілер мен қызметкерлер болмаған кезде пайдаланылады) және (немесе) ауа рециркуляторлары (адамдар болғанда пайдалануға рұқсат етіледі) қолданылады.
15. Ғибадат ғимараттарының (құрылыстарының) үй-жайларында дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, күн сайын тазалау жүргізіледі. Дезинфекциялау құралдарымен жұмыстың барлық түрлерін ылғал өткізбейтін герметикалық қолғаптармен орындау керек.
16. Дезинфекция жүргізу үшін белгіленген тәртіппен тіркелген және қолдануға рұқсат етілген дезинфекциялау құралдары қолданылады, оларды қолдану жөніндегі нұсқаулықтарда вирустық инфекциялар кезінде объектілерді зарарсыздандыру режимдері көрсетілген, мынадай жиілікпен: санитариялық тораптар (еден, санитариялық-техникалық жабдықтар, оның ішінде крандардың вентильдері, унитаз бөшкелерін түсіру) және баспалдақтар күніне 3 рет өңделеді.
Полная версия