Близость слов: Окончание:





Кеме құжаттарының тізбесін, Кеме құжаттарын жүргізу қағидаларын және Кеме құжаттарына қойылатын талаптарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 24 ақпандағы № 163 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 9 сәуірде № 10649 тіркелді
Редакция 14.02.2022 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 3-тармағының 55-13) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Кеме құжаттарының тiзбесi;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес  Кеме құжаттарын жүргiзу қағидалары және кеме құжаттарына қойылатын талаптар бекiтiлсiн;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Кеме құжаттарына қойылатын талаптар бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитет (А.А. Асавбаев):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, оның көшірмесін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн он жұмыс күні iшiнде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгiнiң Заң департаментiне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралар туралы мәлiметтердi ұсынуды қамтамасыз етсiн.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы Ж. Қасымбек
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушының
2015 жылғы 24 ақпандағы
№ 163 бұйрығына
1-қосымша
Кеме құжаттарының тiзбесi
Тізбе өзгертілді ҚР Инвестициялар және даму министрінің 24.10.2016 жылғы № 737 Бұйрығымен (24.02.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 13.12.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Тізбе жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 26.01.2022 жылғы № 31 Бұйрығына сәйкес (28.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 14.02.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. Радио журналы (eгeр кемеде кеме станциясы болса).
Полная версия
ИС BestProfi