Близость слов: Окончание:





Сараптама комиссияларын (сараптама топтарын) құру және кешендi ведомстводан тыс сараптамаға және қала құрылысы сараптамасына қатысу үшiн мамандарды (мамандандырылған институттар мен ұйымдарды) тарту қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 сәуірдегі № 306 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 8 сәуірде № 10635 тіркелді
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 02.12.2015 жылғы № 751 Бұйрығына сәйкес (02.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір күн) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 18.01.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Редакция 07.01.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 11-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Сараптама комиссияларын (сараптама топтарын) құру және кешендi ведомстводан тыс сараптамаға және қала құрылысы сараптамасына қатысу үшiн мамандарды (мамандандырылған институттар мен ұйымдарды) тарту қағидалары
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 02.12.2015 жылғы № 751 Бұйрығына сәйкес (02.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір күн) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 18.01.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімдік баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық бірінші ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Ұлттық экономика министрінің
 2015 жылғы 2 сәуірдегі
 № 306 бұйрығымен бекітілді
Сараптама комиссияларын (сараптама топтарын) құру және кешенді ведомстводан тыс сараптамаға және қала құрылысы сараптамасына қатысу үшін мамандарды (мамандандырылған институттар мен ұйымдарды) тарту қағидалары
Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 02.12.2015 жылғы № 751 Бұйрығына сәйкес (02.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір күн) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 18.01.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 01.02.2017 жылғы № 37 Бұйрығына сәйкес (02.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 27.02.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 17.07.2017 жылғы № 477 Бұйрығына сәйкес (01.02.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 04.08.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1. Осы Сараптама комиссияларын (сараптама топтарын) құру және кешенді ведомстводан тыс сараптамаға және қала құрылысы сараптамасына қатысу үшін мамандарды (мамандандырылған институттар мен ұйымдарды) тарту қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 20-бабының 11-2) тармақшасына сәйкес әзірленді және:
1-тармақ өзгертілді ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 04.08.2018 жлығ № 557 Бұйрығымен (17.07.2017 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 17.10.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 04.04.2022 жылғы № 179 Бұйрығына сәйкес (04.08.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 18.04.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) жаңа объектілердің құрылысына, сондай-ақ бұрыннан бар ғимараттар мен құрылыстарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, жаңғыртуға, техникалық қайта жарақтандыруға, күрделі жөндеуге) арналған жобаларға (техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаларға) кешенді ведомстводан тыс сараптама жүргізу үшін мемлекеттік сараптама ұйымдарының, аккредиттелген сараптама ұйымының немесе ерекше индустриялық аймақтың аккредиттелген сараптама ұйымының сараптама топтары мен комиссияларын құру;
2) мемлекеттік сараптама ұйымының кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу үшін сараптама комиссияларын (сараптама топтарын) құруының;
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 25.07.2023 жылғы № 541 Бұйрығына сәйкес (04.04.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 07.01.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3) Тармақша алып тасталды (ескертуді қараңыз)
3-тармақша алынып тасталды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 25.07.2023 жылғы № 541 Бұйрығына сәйкес (04.04.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 07.01.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4) құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама және кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізуге қатысу үшін сарапшыларды және мамандарды (мамандандырылған институттарды және ұйымдарды) тарту тәртібін анықтайды.
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 04.04.2022 жылғы № 179 Бұйрығына сәйкес (04.08.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 18.04.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) аккредиттелген сараптама ұйымы – Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасымен мемлекеттік монополияға жатқызылмаған объектілер құрылысының жобаларына (техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға) кешенді ведомстводан тыс сараптаманы жүзеге асыратын заңды тұлға;
1-1) ерекше индустриялық аймақтың аккредиттелген сараптама ұйымы – «Сараптама ұйымдарын аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 151 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10640 болып тіркелген) Сараптама ұйымдарын аккредиттеу қағидаларында белгіленген тәртіппен аккредиттелген және жобалардың (техникалық-экономикалық негіздемелердің және жобалау-сметалық құжаттаманың) ведомстводан тыс кешенді сараптамасын жүзеге асыратын индустриялық аймақтың ерекше басқарушы компаниясы, ерекше индустриялық аймақтың аумағында құрылыс жүргізуге арналған;
2) жобалау саласындағы сарапшы (бұдан әрі – сарапшы) – жобалардың белгілі бір бөлімдері (бөліктері) бойынша сараптама жұмыстарын жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен аттестатталған, сараптама ұйымдарының бірінің штатында тұрған жеке тұлға;
3) кешенді қала құрылысы сараптамасы – мемлекеттік монополияға жатқызылған, барлық деңгейлердегі қала құрылысы жобаларына сараптама;
3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 25.07.2023 жылғы № 541 Бұйрығына сәйкес (04.04.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 07.01.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4) консультант – арнайы, оның ішінде құрылыс объектілерін жобалау және (немесе) аумақтың қала құрылысын жоспарлау саласында білімі бар білікті маман не объектілер құрылысы жобасының (техникалық-экономикалық негіздемелер мен жобалау-сметалық құжаттама) немесе барлық деңгейдегі қала құрылысы жобаларының тиісті бөлімдері (бөліктері) бойынша консультативтік көмек көрсету үшін тартылған мамандандырылған институттың немесе ұйымның өкілі;
4-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 25.07.2023 жылғы № 541 Бұйрығына сәйкес (04.04.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 07.01.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5) мамандандырылған институттар мен ұйымдар – ғылыми-зерттеу институттары, жобалау, жобалау-іздестіру немесе жобалау-жоспарлау ұйымдары, сондай-ақ өзге де ұйымдар;
6) мемлекеттік сараптама ұйымы – Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған және объектілер құрылысы жобалары (техникалық-экономикалық негіздемелер және жобалау-сметалық құжаттама) бойынша мемлекеттік монополияға жатқызылған ведомстводан тыс кешенді сараптаманы жүзеге асыратын заңды тұлға;
7) объектілер құрылысы жобаларының ведомстводан тыс кешенді сараптамасы – ғимараттар мен құрылыстарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын салуға арналған техникалық-экономикалық негіздемелер және жобалау-сметалық құжаттама бойынша «бір терезе» қағидатымен жүргізілетін, салалық және ведомстволық сараптамаларды қамтитын жобалар сараптамасы;
8) Тармақша алып тасталды (ескертуді қараңыз)
8-тармақша алынып тасталды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 25.07.2023 жылғы № 541 Бұйрығына сәйкес (04.04.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 07.01.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. Сараптама комиссиялары және сараптама топтары мүшелерінің жобаларға ведомстводан тыс кешенді сараптама және кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу барысында алынған қызметтік ақпаратты, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ашуына жол берілмейді.
2-тарау. Құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу үшін сараптама топтарын құру тәртібі
4. Қарауға қабылданған құрылысқа арналған жобалар (техникалық-экономикалық негіздемелер және жобалау-сметалық құжаттамалар) бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу үшін мемлекеттік сараптама ұйымы, аккредиттелген сараптама ұйымы немесе ерекше индустриялық аймақтың аккредиттелген сараптама ұйымы сараптама топтарын құрады.
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 04.04.2022 жылғы № 179 Бұйрығына сәйкес (04.08.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 18.04.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5. Сараптама топтарынының құрамына ведомстводан тыс кешенді сараптамаға қатысу үшін штаттағы сарапшылар, сондай-ақ шарт негізінде тартылатын сарапшылар енгізіледі.
6. Қажет болған жағдайда мемлекеттік немесе аккредиттелген сараптама ұйымы, ерекше индустриялық аймақтың аккредиттелген сараптама ұйымы сараптама тобына жәрдем көрсету үшін консультанттарды тартады.
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 04.04.2022 жылғы № 179 Бұйрығына сәйкес (04.08.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 18.04.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
7. Қажет болған жағдайда сараптама топтары жобалық шешімдерді және (немесе) құрыылыс жобасының есептерін түсіндіру үшін тапсырыс берушінің және жобаны әзірлеушілердің уәкілетті өкілдерін тартады.
8. Сараптама комиссиясы жобаларға ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізілген барлық кезеңнің ішінде, соңғы сатыларды қоспағанда, материалдарды қарайды және ұсынымдарды береді.
9. Ақпараттық жүйеде құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу үшін сараптама тобы мемлекеттік немесе аккредиттелген сараптама ұйымының басшысының немесе басшы орынбасарының жарлық құжатымен бекітіледі.
3-тарау. Құрылысы жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу үшін сараптама комиссияларын құру тәртібі
10. Мемлекеттік сараптама ұйымы, аккредиттелген сараптама ұйымдары немесе ерекше индустриялық аймақтың аккредиттелген сараптама ұйымы:
10-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 04.04.2022 жылғы № 179 Бұйрығына сәйкес (04.08.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 18.04.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) осы объектіге арнайы техникалық шарттарды (ерекше нормаларды) әзірлеу, келісу және бекіту қажеттілігін айқындайтын, олар үшін жобалау және салу бойынша мемлекеттік немесе мемлекетаралық техникалық регламенттер және нормативтік-техникалық талаптар белгіленбеген бірегей объектілердің;
2) құрылыс учаскесінің ерекше жағдайлары бар техникалық жағынан күрделі объектілердің;
3) жобалау практикасында сирек кездесетін функционалдық (технологиялық) маңызы бар технологиялық жағынан күрделі объектілердің құрылыс жобаларын қараған жағдайда алқа шешімдерін қабылдау үшін өздерінің сараптама комиссияларын қажет болған жағдайда құрады.
11. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
11-тармақ алынып тасталды ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 04.08.2018 жлығ № 557 Бұйрығына сәйкес (17.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 17.10.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
12. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
12-тармақ алынып тасталды ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 04.08.2018 жлығ № 557 Бұйрығына сәйкес (17.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 17.10.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
13. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
13-тармақ алынып тасталды ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 04.08.2018 жлығ № 557 Бұйрығына сәйкес (17.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 17.10.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
4-тарау. Қала құрылысы жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу үшін сараптама комиссияларын (сараптама топтарын) құру тәртібі
14. Барлық деңгейдегі қала құрылысы жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын мемлекеттік сараптама ұйымы жүргізеді.
14-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 25.07.2023 жылғы № 541 Бұйрығына сәйкес (04.04.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 07.01.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
15. Барлық деңгейдегі қала құрылысы жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу үшін мемлекеттік сараптама ұйымы:
15-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 25.07.2023 жылғы № 541 Бұйрығына сәйкес (04.04.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 07.01.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасының, аумақты дамытудың өңіраралық схемаларының жобаларын қоспағанда, барлық деңгейдегі қала құрылысы жобаларын қарау үшін сараптама тобын;
Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасының, аумақты дамытудың өңіраралық схемаларының жобаларын қарау үшін сараптама комиссиясын құрады.
16. Сараптама комиссияларының (сараптама топтарының) құрамына штаттық сарапшылар, сондай-ақ кешенді қала құрылысы сараптамасына қатысу үшін шарттық негізде тартылатын сарапшылар енгізіледі.
16-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 25.07.2023 жылғы № 541 Бұйрығына сәйкес (04.04.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 07.01.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
16-1. Қажет болған жағдайда мемлекеттік сараптама ұйымы сараптама комиссияларына (сараптама топтарына) жәрдемдесу үшін консультанттарды, қабылданған шешімдерді түсіндіру үшін тапсырыс берушілер мен қала құрылысы жобаларын әзірлеушілердің уәкілетті өкілдерін тартады.
4-тарау 16-1-тармақпен толықтырылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 25.07.2023 жылғы № 541 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 07.01.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
16-2. Консультанттар кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізген кезде қарайды және сарапшыларға ұсыныстар береді.
4-тарау 16-2-тармақпен толықтырылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 25.07.2023 жылғы № 541 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 07.01.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
17. Тармақ алып тасталды (ескертуді қараңыз)
17-тармақ алынып тасталды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 25.07.2023 жылғы № 541 Бұйрығына сәйкес (04.04.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 07.01.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
18. Тармақ алып тасталды (ескертуді қараңыз)
18-тармақ алынып тасталды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 25.07.2023 жылғы № 541 Бұйрығына сәйкес (04.04.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 07.01.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
19. Сараптама комиссиясы (сараптама тобы) оны құру туралы шешім күшіне енген күннен бастап жұмыс істейді және сараптама комиссиясы (сараптама тобы) сараптамалық қорытынды берген күннен бастап өз қызметін тоқтатады.
20. Тармақ алып тасталды (ескертуді қараңыз)
20-тармақ алынып тасталды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 25.07.2023 жылғы № 541 Бұйрығына сәйкес (04.04.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 07.01.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5-тарау. Жобалардың кешенді ведомстводан тыс немесе кешенді қала құрылысы сараптамасына қатысу үшін мамандарды (мамандандырылған институттар мен ұйымдарды) тарту тәртібі
21. Сараптама ұйымы штатында талап етілетін мамандықтағы аттестатталған сарапшы болмаған жағдайда не қаралып отырған жобаны бағалау үшін консультанттың пікірі талап етілетін жағдайда, аттестатталған сарапшылар үшін консультанттар ретінде шарт негізінде сараптама комиссияларының (сараптама топтарының) жұмысына қатысуға:
21-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 25.07.2023 жылғы № 541 Бұйрығына сәйкес (04.04.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 07.01.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
ерекше, жоғары мамандандырылған білім мен тәжірибенің болуын (шоғырлануын) талап ететін инновациялық материалдарды, бұйымдарды, жабдықтар мен технологияларды қолдану бөлігінде бірегей объектілерді салу жобалары, сондай-ақ өзге де объектілерді салу жобалары бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптама;
Заңның 6-бабына сәйкес аумақтық объектілер мен елді мекендердің сараптамалық комиссиялары (сараптамалық топтары) қарайтын қала құрылысы жобаларында ерекше реттеу және қала құрылысын регламенттеу болған кезде барлық деңгейдегі қала құрылысы жобаларының кешенді қала құрылысы сараптамасы.
22. Консультанттармен тиісті шарттар жасасу кезінде:
мамандандырылған институттар мен ұйымдар үшін – олардың тиісті мәртебесін растайтын құжаттардың болуы;
мамандар үшін – олардың кәсіби білімдері мен біліктілігін не тиісті отандық және (немесе) шетелдік мамандандырылған институттар мен ұйымдардағы практикалық қызметін растайтын құжаттардың болуы қажетті шарт болып табылады.
23. Қаралатын жобаларды дайындауға және (немесе) әзірлеуге тікелей немесе жанама түрде қатысқан не оларды әзірлеген мамандандырылған институттар мен ұйымдардың өкілдері болып табылатын консультанттарды сараптама комиссияларының және сараптама топтарының құрамына қосуға, сондай-ақ жобалар сараптамасына өзге нысанда қатысу үшін тартуға жол берілмейді.
Полная версия
ИС BestProfi