Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 05.06.2020
Балаларға қосымша білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 7 сәурдегі № 170 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 8 мамырда № 10980 тіркелді
Осы Бұйрықтың атауы жаңа редакцияда жазылды ҚР Білім және ғылым министрінің 16.08.2019 жылғы № 366 Бұйрығына сәйкес (07.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 21.09.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 5 маусымнан бастап ҚР Білім және ғылым министрінің 22.05.2020 жылғы № 219 Бұйрығына сәйкес
Редакция 21.09.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
2) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
2-тармақша алынып тасталды ҚР Білім және ғылым министрінің 16.08.2019 жылғы № 366 Бұйрығына сәйкес (07.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 21.09.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Мектепке дейінгі және орта білім, ақпараттық технологиялар департаменті (Ж.А. Жонтаева) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен соң осы бұйрықты ресми жариялауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Е.Н. Иманғалиевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
ҚР  Білім және ғылым министрі А. Сәрінжіпов 
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
______________ Е. Досаев
27 сәуір 2015 жыл
Полная версия
ИС BestProfi