Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 16.08.2022
"Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" гигиеналық нормативтерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 155 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 10 сәуірде № 10671 тіркелді
Осы Бұйрық 2022 жылғы 16 тамыздан бастап күшін жойды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 02.08.2022 жылғы № ҚР ДСМ-71 Бұйрығына сәйкес 
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 144-бабының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған «Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» гигиеналық нормативтері бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Е. Досаев
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрі
___________ Т. Дүйсенова
2015 жылғы 4 наурыз
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
___________ В. Школьник
2015 жылғы 10 наурыз
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
 2015 жылғы 27 ақпандағы
№ 155 бұйрығымен бекітілген
«Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» гигиеналық нормативтері
1. Осы «Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» гигиеналық нормативтері (бұдан әрі – нормативтер) меншік нысанына, ұйымдық-құқықтық нысанының, ведомстволық тиесілігіне қарамастан, заңды және жеке тұлғаларға, сондай-ақ қызметі радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін иондаушы сәулелену көздерімен жұмыс істеуге байланысты жергілікті атқарушы билік органдарына, Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасы аумағында тұратын шетел азаматтарына және азаматтығы жоқ тұлғаларға арналған.
2. Нормативтер жасанды немесе табиғаттан шыққан иондаушы сәулеленудің адамға әсер етуінің барлық жағдайында адамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қолданылады және иондаушы сәулеленудің рұқсат етілген әсер ету деңгейіндегі негізгі дозалар шегіндегі және адамның сәулеленуін шектеу бойынша басқа да талаптар нысанында «Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын регламенттейтін негізгі құжат болып табылады. Ешқандай басқа нормативтік және әдістемелік құжаттар гигиеналық нормативтердің талаптарына қайшы келмеу тиіс.
3. Жеке және заңды тұлғалар «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі және «Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету талаптарының бұзылуына жауапты болады.
4. Осы нормативте мынадай ұғымдар пайдаланылды:
1) маңыздылығы ең аз белсенділік (бұдан әрі – МЕАБ) – иондаушы сәулелену артқан кезде Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қырқүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 62-бабының 8-тармағына (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес беретін санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды талап етілетін есеп пен бақылауға жататын, ашық немесе жабық иондаушы сәулелену көзінің меншікті белсенділігі;
Полная версия
ИС BestProfi