Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 02.03.2018
Мемлекеттік кірістер органдары лауазымды адамдарының тауарларға кедендік тазартуды жасау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 246 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 29 сәуірде № 10874 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2018 жылғы 2 наурыздан бастап ҚР Қаржы министрінің 26.01.2018 жылғы № 73 Бұйрығына сәйкес
Редакция 01.07.2017 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексінің 271-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік кірістер органдары лауазымды адамдарының тауарларға кедендік тазартуды жасау қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетіне (Д.Е. Ерғожин) заңнамамен белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімдік баспа басылымдарда және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Қаржы министрінің
2015 жылғы 31 наурыздағы
 № 246 бұйрығымен
 бекітілген
Мемлекеттік кірістер органдары лауазымды адамдарының тауарларға кедендік тазартуды жасау қағидалары
Қағидалар өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 29.10.2015 жылғы № 551 Бұйрығымен (31.03.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 08.12.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 29.07.2016 жылғы № 412 Бұйрығына сәйкес (29.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.07.2017 жылдан бастап)
1. Осы Мемлекеттік кірістер органдары лауазымды адамдарының тауарларға кедендік тазартуды жасау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 271-бабына сәйкес әзірленді және тауарларды кедендік рәсіммен орналастыру кезінде кедендік тазартумен және тауарларды шығарумен байланысты кедендік операцияларды жасау кезінде мемлекеттік кірістер органдары (кеден бекеттері) лауазымды адамдары іс-қимылының дәйектілігін айқындайды.
2. Қағида кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарларға кедендік тазартуды жүзеге асыру кезінде қолданылмайды.
3. Тауарларды кедендік тазартуды өзінің лауазымдық (функционалдық) міндеттеріне сәйкес осындай кедендік операцияларды жасауға уәкілетті кеден бекеттерінің лауазымды адамдары (бұдан әрі – уәкілетті лауазымды адам) жүзеге асырады.
4. Уәкілетті лауазымды адам тауарларға кедендік тазартуды тауарларға арналған декларацияны (бұдан әрі – ТД) жазбаша немесе электрондық құжат түрінде пайдалана отырып жүргізеді.
5. Тауарларды кедендік тазарту және кедендік бақылауды жүргізу кезінде уәкілетті лауазымды адам тәуекелдерді басқару жүйесін пайдаланады.
6. Осы тармақтың екінші бөлігімен, сондай-ақ осы Қағидалардың 2-тарауының 8-парагрфімен белгіленген қоспағанда, тауарларды кедендік тазарту кезінде ТД-ны декларант немесе кеден өкілімен оның қызмет аймағында тауарлар кедендік бақылауда тұрған мемлекеттік кірістер органына ұсынады.
Кеден ісі саласындағы уәкілетті органның шешімі бойынша құбыржол көлігімен немесе электр беру желісі бойынша өткізілетін тауарларға кедендік тазарту процесін оңтайландыру мақсатында көрсетілген тауарларға қатысты ТД өзге мемлекеттік кірістер органына беруге болады.
Полная версия
ИС BestProfi