Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүріге арналған автокөлік құралдарының жол берілетін параметрлерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 342 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 8 мамырда № 11009 тіркелді
«Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 23-5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Көлік министрінің 03.10.2024 жылғы № 321 Бұйрығына сәйкес (07.12.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 19.10.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүруге арналған автокөлік құралдарының жол берілетін параметрлері (бұдан әрі - Параметрлер) бекітілсін.
Бұйрық 1-1-тармақпен толықтырылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 06.08.2020 жылғы № 425 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 18.08.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-1-тармақ алып тасталды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 07.12.2022 жылғы № 691 Бұйрығына сәйкес (24.03.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 26.12.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін 10 жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралар туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізілетін Параметрлердің 20-бабының 4) тармақшасын қоспағанда, осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі м.а.
_________________Р.Б.Бекетаев
_________________ Б.Сұлтанов
2015 жылғы 17 сәуір
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
_________________Қ. Қасымов
2015 жылғы 27 сәуір
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
_________________Е.Досаев
2015 жылғы 29 сәуір
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
_________________В.Школьник
2015 жылғы 16 сәуір
1. Автокөлік құралдарының жол берілетін габариттік параметрлері мен басқа да сызықтық өлшемдері төменде келтірілген мәндерден (метрмен) аспауы тиіс:
1-тармақ өзгертілді ҚР Инвестициялар және даму министрінің 04.11.2016 жылғы № 761 Бұйрығымен (26.03.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс, бірақ 01.01.2017 жылдан ерте емес) 13.01.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 24.03.2022 жылғы № 151 Бұйрығына сәйкес (06.08.2020 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 09.04.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Көлік министрінің 03.10.2024 жылғы № 321 Бұйрығына сәйкес (07.12.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 19.10.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)