Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 06.03.2023
"Су көздеріне, шаруашылық-ауыз су мақсаты үшін су жинау орындарына, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға және суды мәдени-тұрмыстық пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 209 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2015 жылы 22 сәуірде № 10774 тіркелді
Осы Бұйрық 2023 жылғы 6 наурыздан бастап күшін жойды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 20.02.2023 жылғы № 26 Бұйрығына сәйкес
Редакция 11.12.2022 жылғы жағдай бойынша өзгерістер мен толықтырулармен 
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 144-бабының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған «Су көздеріне, шаруашылық-ауыз су мақсаты үшін су жинау орындарына, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға және суды мәдени-тұрмыстық пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
ҚР Ұлттық экономика министрі Е. Досаев
«КЕЛІСІЛГЕН» 
Қазақстан Республикасының 
Денсаулық сақтау және 
әлеуметтік даму министрі 
____________Т. Дүйсенова 
2015 жылғы «__» _________
Қазақстан Республикасы
 Ұлттық экономика
министрлігінің бұйрығымен
 2015 жылғы 16 наурызда
 № 209 бекітілген
«Су көздеріне, шаруашылық-ауыз су мақсаты үшін су жинау орындарына, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға және суды мәдени-тұрмыстық пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары
         1. Осы «Су көздеріне, шаруашылық-ауыз су мақсаты үшін су жинау орындарына, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға және суды мәдени-тұрмыстық пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексіне сәйкес әзірленді және сумен жабдықтау көздерін ластанудан қорғауға, ауыз сумен жабдықтау көздерін санитариялық қорғау аймақтарының шекараларын айқындауға, ауыз судың сапасына, сумен жабдықтау және кәріздеу құрылыстарына, суды дезинфекциялауға, жабық және ашық жылумен жабдықтау жүйелеріндегі орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтауға, ыстық сумен жабдықтаудың бөлек желілері бар жылумен сумен жабдықтау жүйелеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды айқындайды.
2. Осы Санитариялық қағидалар сумен жабдықтау объектілеріне (орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ауыз сумен, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау жүйелері), орталықтандырылған ыстық жабдықтау жүйелеріне және мәдени-тұрмыстық су пайдалану орындарына қолданылады.
3. Осы Санитариялық қағидалар қызметі сумен жабдықтау объектілерін жобалаумен, салумен, реконструкциялаумен, оларды күтіп-ұстаумен және пайдаланумен байланысты заңды және жеке тұлғаларға қолданылады.
4. Осы Санитариялық қағидаларда мынадай анықтамалар пайдаланылды:
1) арынсыз сулар – сулы қабаттың жоғары бетінде атмосфералық қысым деңгейінде қысымы бар жерасты сулары;
Полная версия
ИС BestProfi