Р/с №
|
Біліктілік талаптары
|
Құжаттар
|
Ескертпе
|
1
|
2
|
3
|
4
|
1.
|
Жануарлар ауруларын емдеу және олардың профилактикасы бойынша препараттар шығару үшін мыналардың болуы:
1) қосалқы материалдарды, химиялық ерітінділерді, қоректік орталарды, жасушалардың өсірінділерін дайындайтын үй-жайлардың;
2) өндірістік үй-жайлардың (цехтың, бөлімнің);
3) виварияның;
4) изоляторлардың;
5) өндірушінің өндірістік бақылау бөлімшелерінің;
6) температураны және ылғалдылықты (қажет болған жағдайда) тіркейтін датчиктермен жабдықталған термостаттық бөлменің;
7) зертханалық ыдыстарды, қоректік орталарды, құралдарды стерильдеуге және микробтық өсірінділерді, залалданған материалды және басқа да биологиялық қалдықтарды залалсыздандыруға (зарарсыздандыруға) арналған автоклавтың;
8) ыдыстарды жуу және дайындау үшін жуу бөлмесінің;
9) буып-түюге арналған үй-жайдың;
10) ветеринариялық препараттарды сақтауға арналған қойма үй-жайының;
11) стационарлық коммуникациялардың – өндірістің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін ыстық және суық сумен жабдықтаудың, электрмен жабдықтаудың және кәріздің;
12) өндіріс қалдықтарын және сарқынды суларды залалсыздандыру жүйесінің болуы.
|
Өндірістік үй-жайларға құқық белгілейтін құжаттар немесе осы шарттар бір жылдан кем мерзімге жасалған жағдайда жалға алу немесе өтеусіз пайдалану немесе сенімгерлік басқару шартының көшірмелері; «Ветеринариялық құжаттарды беру қағидаларын және олардың бланкілеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 21 мамырдағы № 7-1/453 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11898 болып тіркелген) (бұдан әрі ̶ Бұйрық) сәйкес берілетін ветеринариялық-санитариялық қорытынды.
|
Меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде (бір жылдан астам мерзімге жалға алу/өтеусіз пайдалану/сенімгерлік басқару) өндірістік үй-жайлар бар болған жағдайда, ақпарат «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» мемлекеттік дерекқоры» ақпараттық жүйесінен алынады.
Ветеринариялық-санитариялық қорытынды туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесінен алады.
|
2.
|
Жануарлар ауруларын диагностикалау бойынша препараттар шығару үшін:
1) қосалқы материалдарды, химиялық ерітінділерді, қоректік орталарды, жасушалардың өсірінділерін дайындайтын үй-жайлардың;
2) өндіріс бойынша үй-жайлардың (цехтың, бөлімнің);
3) өндірушінің өндірістік бақылау бөлімшелерінің;
4) ыдыстарды жуу және дайындау үшін жуу бөлмесінің;
5) буып-түюге арналған үй-жайдың;
6) ветеринариялық препараттарды сақтауға арналған қойма үй-жайының;
7) стационарлық коммуникациялардың – өндірістің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін ыстық және суық сумен жабдықтаудың, электрмен жабдықтаудың және кәріздің;
8) өндіріс қалдықтарын және сарқынды суларды залалсыздандыру жүйесінің болуы.
|
Өндірістік үй-жайларға құқық белгілейтін құжаттар немесе осы шарттар бір жылдан кем мерзімге жасалған жағдайда жалға алу немесе өтеусіз пайдалану немесе сенімгерлік басқару шартының көшірмелері; Бұйрыққа сәйкес берілетін ветеринариялық-санитариялық қорытынды.
|
Меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде (бір жылдан астам мерзімге жалға алу/өтеусіз пайдалану/сенімгерлік басқару) өндірістік үй-жайлар бар болған жағдайда, ақпарат «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» мемлекеттік дерекқоры» ақпараттық жүйесінен алынады.
Ветеринариялық-санитариялық қорытынды туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесінен алады.
|
3.
|
Фармакологиялық белсенділігі бар препараттар шығару үшін:
1) ветеринариялық препаратты өндіретін үй-жайлардың (цехтың, бөлімнің);
2) өндірушінің өндірістік бақылау бөлімшелерінің;
3) ыдыстарды жуу және дайындау үшін жуу бөлмесінің;
4) буып-түюге арналған үй-жайдың;
5) ветеринариялық препараттарды сақтауға арналған қойма үй-жайының;
6) стационарлық коммуникациялардың – өндірістің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін ыстық және суық сумен жабдықтаудың, электрмен жабдықтаудың және кәріздің;
7) өндіріс қалдықтарын және сарқынды суларды залалсыздандыру жүйесінің болуы.

4.
|
Жануарлардың өнімділігін арттыруға арналған препараттар шығару үшін:

5.
|
Дезинфекциялауға, дератизациялауға, дезинсекциялауға арналған препараттар шығару үшін:

6.
|
Өндірілетін ветеринариялық препараттың техникалық шарттарына сәйкес ветеринариялық мақсаттағы препараттарды өндіруге арналған технологиялық, өлшеу және сынау жабдықтарының болуы, өндiрiлетiн ветеринариялық препараттардың сапасын бақылауды жүзеге асыру үшiн аспаптармен және жабдықтармен (өлшеу құралдарының типін бекіту немесе метрологиялық аттестаттау мақсатында сынақтардың нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізіліміне енгізілген өлшеу құралдары, көрсетілетін қызметті алушының қолымен расталған бақылау аспаптары, қосалқы материалдар мен жабдық, «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес өлшеу құралдарындағы салыстырып тексеру туралы сертификаттар және (немесе) салыстырып тексеру таңбасының бедерлері* және/немесе өлшем құралдарын калибрлеу** туралы сертификаттар, сондай-ақ сынақ зертханасын аккредиттеу аттестаты не аккредиттелген сынақ зертханамен жасалған шарт) жабдықталған аккредиттелген сынақ зертханасының не көрсетілген зертханалары бар ұйымдармен сынақ жұмыстарын (көрсетілетін қызметтерді) орындау туралы шарттың болуы
|
Осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес ветеринариялық мақсаттағы препараттарды өндіру бойынша ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыруға арналған ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны.
|
|
7.
|
Заңды тұлғалар үшін: басшылар мен мамандардың білікті құрамының: ветеринариялық препараттар өндірумен және өндірістік бақылаумен тікелей айналысатын бөлімшелерде «ветеринариялық медицина», «ветеринариялық санитария» мамандықтары бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейiнгi білімі және (немесе) «ветеринария» мамандығы бойынша техникалық және кәсiптік (колледж) білімі бар мамандардың (кемінде бір ветеринариялық дәрігер немесе фельдшер); ветеринариялық препараттар өндірумен және өндірістік бақылаумен тікелей айналысатын бөлімшелерде биотехнологиялық, химиялық немесе биологиялық жоғары немесе орташа білімі бар мамандардың; ветеринариялық препараттар өндірумен тікелей айналысатын бөлімшелер басшыларының және/немесе өндірістік бақылау бөлімшесі жұмыскерінің мамандық бойынша кемінде екі жыл жұмыс өтілінің, соңғы 5 жылда мамандануы немесе біліктілігін жетілдіру және біліктілігін арттырудың басқа да түрлерінің болуы.
Жеке тұлғалар үшін: «ветеринариялық медицина», «ветеринариялық санитария» мамандықтары бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейiнгi білімнің және (немесе) «ветеринария" мамандығы бойынша техникалық және кәсiптік (колледж) білімнің, мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс өтілінің, соңғы 5 жылда мамандануы немесе жетілдіруі және біліктілігін арттырудың басқа да түрлерінің болуы.