2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 54-бабының 1-тармағының 17) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 01.01.2016
Екі айдан астам еңбекке уақытша жарамсыздық мерзімі белгіленген аурулардың тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 14 cәуірдегі № 222 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 14 мамырда № 11048 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 15.12.2015 жылғы № 971 Бұйрығына сәйкес Осы Бұйрық күшін жойды 2016 жылғы 29 қаңтардан бастап ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 28.12.2015 жылғы № 1033 Бұйрығына сәйкес
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін оның күнтізбелік он күннің ішінде мерзімдік баспа басылымдарында және «Әділет» Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің құқықтық-ақпараттық жүйесінде ресми жариялауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі А.В. Цойға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жариялағаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Т. Дүйсенова
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 222 бұйрығымен бекітілген
Екі айдан астам еңбекке уақытша жарамсыздық мерзімі белгіленген аурулардың тізбесі
1. Ішектiң пенетрациясымен және iштен қан өтумен асқынған iш сүзегi мен паратифтер
2. Сальмонеллездiк септицемия
3. Ботулизм, асқынған нысаны
4. Амебиаз, асқынған нысаны
5. Бактериологиялық және гистологиялық расталған тыныс ағзаларының туберкулезi
6. Бактериологиялық және гистологиялық расталмаған тыныс алу ағзаларының туберкулезi
7. Басқа ағзалардың туберкулезi
8. Милиарлық туберкулез
Полная версия