Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 94-4 бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Парниктік газдар шығарындыларына квоталарды өзгерту және парниктік газдар шығарындыларына сертификатты қайта ресімдеу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 18 наурыздағы № 217 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2015 жылы 6 мамырда № 10961 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Энергетика министрінің м.а. 30.07.2016 жылғы № 363 Бұйрығына сәйкес
Редакция 16.07.2015 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған Парниктік газдар шығарындыларына квоталарды өзгерту және парниктік газдар шығарындыларына сертификатты қайта ресімдеу қағидалары бекітілсін.
2. «Парниктік газдар шығарындыларына квоталарды өзгерту үшін өтініш нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2013 жылғы 23 қазандағы № 326-ө бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тізілімінде № 8902 тіркелген, 2014 жылғы 1 ақпандағы № 22 (27643) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Климаттың өзгеруі жөніндегі департаменті:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықты мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдануын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналасуын;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалауы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
ҚР Энергетика министрі В. Школьник
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі _____________ Е. Досаев 2015 жылғы 6 сәуір
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 18 наурыздағы № 217 бұйрығымен бекітілген
Парниктік газдар шығарындыларына квоталарды өзгерту және парниктік газдар шығарындыларына сертификатты қайта ресімдеу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Парниктік газдар шығарындыларына квоталарды өзгерту және парниктік газдар шығарындыларына сертификатты қайта рәсімдеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 94-4-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленген және парниктік газдар шығарындыларына квоталарды өзгерту және парниктік газдар шығарындыларына сертификатты қайта ресімдеу тәртібін айқындайды.
2. Есептік кезең – тиісті парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарының қолданылу кезеңі.
3. Есептік кезеңге арналған парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспары (бұдан әрі – ұлттық жоспар) негізінде есептік кезеңге берілген парниктік газдар шығарындыларына квоталар көлемі мынадай жағдайларда қайта қаралады:
1) қондырғылардың сипатында немесе жұмыс істеуінде жоспарланған өзгерістер;
2) парниктік газдар шығарындыларының жаңа көздерін енгізу.
4. Парниктік газдар шығарындыларына сертификат қондырғы операторы ауысқан (заңды тұлға иеліктен шығарылған, қайта ұйымдастырылған, ұйымдық-құқықтық нысаны, атауы өзгерген) жағдайда парниктік газдар шығарындыларына бұдан бұрын берілген квоталар өзгертілмей қайта ресімделеді.
2. Парниктік газдар шығарындыларына квоталарды өзгерту тәртібі
5. Осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген жағдайларда, табиғат пайдаланушы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға (бұдан әрі - уәкілетті орган) есептік кезең ішінде, бірақ тиісті Ұлттық жоспардың қолданылуы соңғы жылының 1 қазанынан кешіктірмей мынадай құжаттарды:
5-тармақ өзгертілді ҚР Энергетика министрінің 16.07.2015 жылғы № 486 Бұйрығымен (18.03.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.08.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
1) осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес парниктік газдар шығарындыларына квоталар көлемін өзгерту үшін өтініш;
2) тәуелсіз аккредиттелген ұйым растаған квота көлемінің өзгеруін негіздейтін есептеулер;
3) тәуелсіз аккредиттелген ұйым растаған өзгерістерді ескере отырып, мониторинг жоспарын қамтитын, Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2013 жылғы 15 мамырдағы № 122-ө бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8496 тіркелген) Қондырғы паспортының нысанына сәйкес әзірленген қондырғы паспортын тапсырады.
6. Квотаның ұлғаюына байланысты парниктік газдар шығарындыларына квоталарды қайта қарау есептік кезеңде жүргізілген өзгертулер бойынша қаралады.
7. Өтініш беруші бұрын берілген парниктік газдар шығарындыларына квоталар көлемін қайта қарау үшін уәкілетті органға есептік жылға парниктік газдар шығарындыларын түгендеу туралы расталған есепті бергеннен соң құжаттарын береді. Уәкілетті орган парниктік газдар шығарындыларына бұдан бұрын берілген квоталар көлемін қайта қарауға өтінішті өтініштің келіп түскен күнінен бастап бір ай мерзім ішінде қарайды және квотаның жалпы көлемін көрсете отырып, бұдан бұрын берілген сертификатты Ұлттық жоспардың қолданылу кезеңіне қайта ресімдейді. Квоталардың қосымша көлемі Ұлттық жоспардың квоталар көлемі резервінен беріледі.
7-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 16.07.2015 жылғы № 486 Бұйрығына сәйкес (18.03.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.08.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
7-1. Квоталардың қосымша көлемі есептік кезең ішінде таралады.
Қағидалар 7-1-тармақпен толықтырылды ҚР Энергетика министрінің 16.07.2015 жылғы № 486 Бұйрығына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.08.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
8. Парниктік газдар шығарындыларына квоталар көлеміне қатысты қайта қарау туралы ақпарат уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында жарияланады.
9. Уәкілетті органға ұсынылған құжаттардың толық еместігі және дәйексіздігі, осы Қағидалардың 5-тармағына сәйкес тәуелсіз аккредиттелген ұйым растауының болмауы және парниктік газдар шығарындыларына бұрын берілген квоталардың көлемін қайта қарауға құжаттарды белгіленген мерзімнен (тиісті Ұлттық жоспардың қолданылуы соңғы жылының 1 қазанына дейін) кеш беру бұдан бұрын берілген квоталар көлемін өзгертуден және қайта қараудан бас тартуға әкеп соғады.
9-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 16.07.2015 жылғы № 486 Бұйрығына сәйкес (18.03.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.08.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
3. Парниктік газдар шығарындыларына сертификатты қайта ресімдеу тәртібі
10. Қондырғының операторы ауысқан (заңды тұлға иеліктен шығарылған, қайта ұйымдастырылған, ұйымдық-құқықтық нысаны, атауы өзгерген) жағдайларда уәкілетті орган өтініш беруші жүгінген күннен бастап бір ай мерзімде жаңа оператордың атауын және мекенжайын көрсете отырып, мынадай құжаттар негізінде сертификатты қайта ресімдейді:
1) қондырғы операторы ауысқан (иеліктен айыру) жағдайда сатып алу-сату шарты немесе қондырғыны қабылдау-тапсыру актісі;
2) қызметті алушының заңды тұлғасын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* немесе анықтаманың көшірмесі.
Ескертпе: *«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады. Сертификатта белгіленген міндеттемелер міндетті түрде жаңа операторға өтеді.
11. Қондырғының операторы ауысқан жағдайда, тиісті ұлттық жоспармен белгіленген квотаның көлемі өзгерсе, қондырғы операторы осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген құжаттарды тапсырады.
12. Парниктік газдар шығарындыларына сертификатты қайта рәсімдеу Қазақстан Республикасы көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізіліміне (бұдан әрі - мемлекеттік тізілім) тиісті жазбаларды енгізу және мемлекеттік тізілім операторының қондырғы операторына сертификатты қайта ресімдеу негізінде мемлекеттік тізімге енгізілген өзгертулер туралы жазбаша растауды беру арқылы жүргізіледі.
Парниктік газдар шығарындыларына квоталарды өзгерту және парниктік газдар шығарындыларына сертификатты қайта ресімдеу қағидаларына қосымша
нысан
Парниктік газдар шығарындыларына квота көлемін өзгерту үшін өтініш
Есептік кезең:
Индексі: № 1-ПГ нысаны
Кезеңділігі: жылдық
Ұсынатын тұлғалар тобы: Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарына кірген табиғат пайдаланушылар
Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекциялау комитетіне
Тапсыру мерзімі: 1 қазанға дейін
1. Табиғатты пайдаланушының атауы |
|
2. Жалпы мәліметтер: |
|
3 Парниктік газдар шығарындыларын квоталау талаптарына жататын қондырғыға қатысты экономикалық қызмет түрлерінің Жалпы жіктеуішіне сәйкес экономикалық қызмет түрі (атауы мен коды) |
|
4. Қайта ресімделуге жататын парниктік газдар шығарындыларына сертификаттың сериясы мен нөмірі |
|
5. Қайта ресімделуге жататын сертификатқа сәйкес бекітілген квота көлемі |
|
6. Қосымша (өзгертілетін) квота көлемі |
|
7. Жалпы квота көлемі (қайта ресімделуге жататын сертификатқа сәйкес квота көлемінің соммасы және қосымша квота көлемі) |
|
8. Квота көлемін өзгертуге өтініштің себебі (қажеттерін белгілеу): |
|
8.1. қондырғылардың сипатында немесе қызмет етуінде жоспарланып отырған өзгерістер |
|
8.2. парниктік газдар шығарындыларының жаңа көздерін іске қосу |
|
9. Парниктік газдар шығарындыларына квота көлеміне арналған уақыт кезеңі | 20__ жылға |
10. Өтінішке мына құжаттар қоса беріледі: | Квотаның өзгеруін негіздейтін есептеулер |
Өтініш беруші мәліметтердің дұрыстығына толық жауапкершілікте болады.
Атауы ________________________ | Мекенжайы _________________________ |
Орындаушының тегі және телефоны __________ | Телефон |
Басшы ________________________ | (Т.А.Ә., қолы)_____________________ |
Парниктік газдар шығарындыларына квотаны өзгерту үшін өтініш нысанын толтыру бойынша түсініктеме
1. Квота көлемін өзгерту үшін өтініш нысаны осы Қағидалардың 4-тармағын іске асыру мақсатында әзірленді.
2. Квота көлемін өзгерту үшін өтініш нысанын парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарына кірген табиғат пайдаланушылар Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекциялау комитетіне ұсынады.
Аталан Қағидалармен белгіленген жағдайларда 1 қазаннан кешіктірмей.
3. Нысан келесідей түрде толтырылады:
1-бағанда табиғат пайдаланушының атауы көрсетіледі;
«Жалпы мәліметтер» деген 2-бағанда заңды мекенжайы, ЖСН және БСН, байланыс телефоны, факс, электрондық пошта көрсетіледі;
«Парниктік газдар шығарындыларын квоталау талаптарына жататын қондырғыға қатысты экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне сәйкес экономика секторы (атауы мен коды)» деген 3-бағанда экономикалық қызмет түрлерінің ортақ жіктеуішіне сәйкес экономика секторы көрсетіледі;
«Қайта ресімделуге жататын парниктік газдар шығарындыларына сертификаттың сериясы мен нөмірі» деген 4-бағанда парниктік газдар шығарындыларына сертификаттың сериясы мен нөмірі көрсетіледі;
«Қайта ресімделуге жататын сертификатқа сәйкес бекітілген квота көлемі» деген 5-бағанда қайта ресімдеуге жататын сертификатқа сәйкес бекітілген квота көлемі көрсетіледі;
«Қосымша (өзгертілетін) квота көлемі» деген 6-бағанда қосымша (өзгертілетін) квота көлемі көрсетіледі;
«Жалпы квота көлемі» деген 7-бағанда қайта ресімдеуге жататын сертификатқа сәйкес квота көлемі қосымша квота көлемі бөлігіндегі сомасы көрсетіледі;
«Квот көлемін өзгертуге өтініштің себебі (қажеттерін белгілеу» деген 8-бағанда 8.1.-бағанында көрсетілген қондырғылардың сипатында немесе қызмет етуінде жоспарланып отырған өзгерістер немесе 8.2. бағанында көрсетілген парниктік газдар шығарындыларының жаңа көздерін іске қосылуы көрсетіледі;
«Парниктік газдар шығарындыларына квота көлеміне арналған уақыт кезеңі» деген 9-бағанда парниктік газдар шығарындыларына квота көлеміне арналған уақыт кезеңі көрсетіледі;
«Өтінішке мына құжаттар қоса беріледі» деген 10-бағанда квотаның өзгеруін негіздейтін есептеулер, қондырғы паспорты, мониторинг жоспары, тәуелсіз аккредиттелген ұйымның қорытындылары қоса беріледі.