Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 17.11.2017
"Балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 217 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 6 мамырда № 10975 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2017 жылғы 17 қарашадан бастап ҚР Денсаулық сақтау министрінің 17.08.2017 жылғы № 615 Бұйрығына сәйкес
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 144-бабының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған «Балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен: 
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін. 
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.  
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Е. Досаев
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
_____________ А. Сәрінжіпов
2015 жылғы 31 наурыз

«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрі
______________ Т. Дүйсенова
2015 жылғы 2 сәуір
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
 2015 жылғы 17 наурыздағы
 № 217 бұйрығымен
 бекiтiлген
«Балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары
1. Осы «Балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 144-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді және жобалауға, салуға, қайта жаңартуға, жөндеуге, пайдалануға беруге, сумен жабдықтауға, кәріздеуге, жылытуға, жарықтандыруға, желдетуге, микроклиматқа, күтіп-ұстауға және пайдалануға, тәрбиелеу мен оқыту, тұру жағдайларына, тамақтандыруды ұйымдастыруға, балаларға медициналық қызмет көрсетуге, сондай-ақ меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, толық, жарты күн (қысқа уақытқа), тәулік бойы болатын балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту объектілерінің барлық түрлері мен үлгілеріндегі персоналды гигиеналық тәрбиелеуге (жеке гигиенасына) қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды белгілейді.
1) мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту – мемлекеттік және жеке бөбектер бақшасы, балабақшалары, отбасылық бөбектер бақшасы, санаториялық бөбектер бақшасы, «мектеп-балабақша» кешені, мектепке дейінгі шағын-орталықтар (бұдан әрі бірлесіп – МДҰ деп аталатын); 
2) тәрбиелеу және балалар тұратын орындарды ұйымдастыру – балалар үйі, жетімдер үйі;
3) меншік нысандарына қарамастан, балалардың тамақтануын ұйымдастыру қызметін жүзеге асыратын балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту объектілеріне (бұдан әрі бірлесіп - объектілер деп аталатын) қолданылады. 
3. Қызметі балаларды тәрбиелеу және оларды оқытумен байланысты заңды және жеке тұлғалар (білім беру қызметтерін көрсету, оның ішінде тәрбиелеу мен оқыту, тұру, тамақтандыру, медициналық қызмет көрсету) қызметін бастар алдында осы Санитариялық қағидалардың талаптарына сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алады. 
Полная версия
ИС BestProfi