Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 29.06.2018
Жер қойнауының жай-күйі туралы геологиялық есептілікті ұсыну нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 254 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 29 сәуірде № 10833 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2018 жылғы 29 маусымнан бастап ҚР Инвестициялар және даму министрінің 25.05.2018 жығы № 393 Бұйрығына сәйкес
Редакция 20.02.2018 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабы 13) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Жер қойнауының жай-күйі туралы геологиялық есептілікті ұсыну нысаны бекітілсін:
1) қорлар балансының есебі осы Бұйрықтың қосымша 1 сәйкес;
2) мониторинг жөніндегі есептілік осы Бұйрықтың қосымша 2 сәйкес.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті (Б.Қ.Нұрабаев):
1) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімдік басылымдарда және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2), және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Ә.Исекешев
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
_____________ В. Школьник
2015 жылғы 16 наурыз
Қосымша 1
 Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
 министрінің
2015 жылғы 27 ақпандағы
 № 254 Бұйрығына
Әкімшілік деректер жинауға
 арналған нысан
Қорлардың есептік балансы
Есеп жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.11.2017 жылғы № 810 Бұйрығына сәйкес (27.02.2015 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 09.02.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1. Мұнай бойынша жер қойнауының жай-күйі туралы есептілік.
2. Жанатын газ бойынша жер қойнауының жай-күйі туралы есептілік.
Полная версия
ИС BestProfi