Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 29.07.2018
Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуге келісімшарт (шарт) жасасу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 215 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 30 cәуірде № 10920 тіркелд
Осы Бұйрық күшін жойды 2018 жылғы 29 шілдеден бастап ҚР Инвестициялар және даму министрінің 11.05.2018 жылғы № 325 Бұйрығына сәйкес
Редакция 11.08.2016 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 32-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуге арналған келісімшарт (шарт) жасасу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті (Б.Қ. Нұрабаев):
1) заңнамада бекітілген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың 
интранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2 тармағының 1), 2), және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі А.П. Рауға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Ә. Исекешев
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының 
Ұлттық экономика министрі
______________ Е. Досаев
2015 жылғы 14 наурыз

«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының 
Ұлттық экономика министрі
______________ В. Школьник
2015 жылғы 20 наурыз
Қазақстан Республикасы
 Ивестициялар және даму
 министрінің
2015 жылғы 27 ақпандағы
 № 215 бұйрығымен
 бекітілген
Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуге келісімшарт (шарт) жасасу қағидалары
1. Осы Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуге келісімшарт (шарт) жасасу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу жөніндегі операцияларды жүргізуге арналған келісімшартты (шарты) (бұдан әрі – келісімшарт) жасасу тәртібін анықтайды.
2. Келісімшарт өз қаражаты есебінен жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуді жүргізу ниеті бар заңды немесе жеке тұлға (бұдан әрі - Өтініш беруші) және жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - Уәкілетті орган) арасында жасалынады.
3. Бюджеттік қаражат есебінен қаржыландырылатын жер қойлауын мемлекеттік геологиялық зерттеуге келісімшарт (шарт) жасасу «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 11.08.2016 жылғы № 600 Бұйрығына сәйкес (27.02.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 17.10.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
2. Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуге келісімшарт (шарт) жасасу тәртібі
4. Келісімшарт (шарт) жасасу үшін мынадай құжаттарды қоса бере отырып, уәкілетті органға осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінім береді:
заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі туралы құжаттардың көшірмесі;
өтініш берушінің жеке басын куәландыратын, мемлекеттік кірістер органдарында жеке кәсіпкер ретінде есепке қою туралы құжаттардың көшірмелері;
5. Уәкілетті орган өтінімді түскен күннен бастап он жұмыс күн ішінде келісімшарт жасасуға арналған өтінімді қарастырады.
6. Уәкілетті орган осы қағидалардың 5 тармағында белгіленген мерзімде мынадай жағдайларда келісімшарт жасасудан бас тартады:
1) өтініш беруші толық емес құжаттар пакетін ұсынғанда;
2) өтініш беруші анық емес мәліметтер ұсынғанда;
3) егер мәлімделген аудан «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңында 23-бабы 3 тармағына|410135532] көзделген жағдайларда келісімшарт аумағына немесе айрықша қорғалатын табиғи жерге жататын болса.
7. Уәкілетті органға сұратылатын аумаққа бір уақытта екі немесе одан да көп өтінім келіп түскен жағдайда келісімшарт жасасуға өтінімді бірінші берген өтініш берушімен жасалады.
8. Осы Қағидалардың 6-тармағында белгіленген, келісімшарты жасаудан бас тарту ушін негіз болмаған жағдайда уәкілетті орган осы Қағидалардың 5-тармағында белгіленген мерзімде, мемлекеттік геологиялық зерттеу саласындағы жобалау құжаттамасын ұсыну мерзімін көрсете отырып, өтініш берушіге келісім шарт жасасу мүмкіндігі туралы хабарлама жібереді.
Жобалау құжаттамасында жұмыс түрлері, көлемі және осы жұмыстарды орындауға өтініш беруші бөлетін, жылдар бойынша бөлінген ақшалай қаражат сомасы туралы мәлімет болуы тиіс.
9. Келісімшарт (шарт) жасау мүмкіндігі туралы хабарлама алған күннен бастап үш ай ішінде өтініш беруші келісімшарт (шарт) жасау үшін уәкілетті органға жобалау құжаттамасын ұсынады.
Жобалау құжаттамасын ұсыну мерзімін уәкілетті орган өтініш берушінің жазбаша өтініші бойынша, бірақ уәкілетті органның хабарламасында көрсетілген мерзім өткенге дейін кемінде он жұмыс күні ішінде өтініш беруші ұсыныс жасаған жағдайда кемінде үш айдан аспайтын мерзімге ұзартады.
10. Егер уәкілетті орган белгілеген мерзімде өтініш беруші жобалау құжаттамасын ұсынбаса, уәкілетті орган (аумақтық бөлімше) он жұмыс күннін ішінде жобалау құжаттамасын ұсыну кезен өткенде өтініш берушіге келісімшарт (шарт) жасасудан дәлелді бас тарту жібереді.
11. Уәкілетті орган жобалау құжаттамасын және жұмыс бағдарламасын алған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей келісімшарт жобасына қол қояды және өтініш берушіге жібереді. Келісімшарт жобасына өтініш беруші қол қоюы және оған қол қойылған келісімшарт жобасы ұсынылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде уәкілетті органға ұсыну тиіс.
12. Келісімшарт жасалғаннан кейін өтініш беруші жобалау және өзге де құжаттаманы келісуді, сондай-ақ жер қойнауын пайдалануға қажетті операцияларды жүргізуге рұқсаттарды дербес алуды қамтамасыз етеді.
Жер қойнауын мемлекеттік
геологиялық зерттеуге келісімшарт
 (шарт) жасасу қағидаларына
 қосымша
Кімге:______________________________
 (мемлекеттік органның атауы)
кімнен:_____________________________
 (өтінім беруші)
Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуге келісімшарт (шарт) жасасуға ӨТІНІМ
      (алаңның атауын, оның орналасқан жерін көрсету) жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу шеңберінде (пайдалы қазба түрін көрсету) арналған (жұмыстар түрін көрсету - іздеу/іздеу-бағалау) жүргізу.
2. Жұмыстарды жүргізу мерзімі, сұралатын аумақтың кеңістік шекарасы, аумақтың ауданы:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
 

Бұрыштық нүктелердің №

Географиялық координаталары

Солтүстік ендігі

Шығыс бойлығы

градус

минут

секунд

градус

минут

секунд

1

























2

























3

























4

















































өтініш берушінің атауы, оның орналасқан жері:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
өтініш беруші заңды тұлға және басшылары туралы мәліметтер:
_____________________________________________________________________
өтініш берушінің тегі және аты, заңды мекенжайы, азаматтығы:
_____________________________________________________________________
Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты және қолы
Полная версия
ИС BestProfi