«Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 38) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Қазақстан Республикасының энергетикалық ұйымдарында персоналмен жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 234 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 28 сәуірде № 10830 тіркелді
Редакция 30.07.2021 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының энергетикалық ұйымдарында персоналмен жұмыс істеу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оның көшірмесін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруын;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтын 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Энергетика министрі В. Школьник
«КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі ____________ Т. Дүйсенова 2015 жылғы «____»________
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 234 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының энергетикалық ұйымдарында персоналмен жұмыс істеу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 28.09.2020 жылғы № 335 Бұйрығына сәйкес (15.07.2016 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 08.11.2020 жылдан бастап)
1. Осы Қазақстан Республикасының энергетикалық ұйымдарында персоналмен жұмыс істеу қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 5-бабының 38) тармақшасына сәйкес әзірленген.
Осы Қағидалар энергетикалық ұйымдардың персоналын дайындау және оның біліктілігін қолдау түрлеріне және көлемдеріне негізгі талаптарды белгілейді.
Осы Қағидалар энергетикалық жабдықты, ғимараттар мен құрылыстарды жобалауды, монтаждауды, пайдалануды, жөндеуді, ретке келтіруді және сынауды жүзеге асыратын электр энергетикалық саласындағы ұйымдардың персоналына, сондай-ақ электр қондырғыларының пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыратын немесе электр энергетикасы саласында сараптау жұмыстарын орындайтын персоналға және энергия өндірісінің технологиялық процесін басқаруды қамтамасыз ететін персоналға қолданылады.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі терминдер мен анықтамалар қолданылады:
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 15.07.2016 жылғы № 322 Бұйрығына сәйкес (17.05.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.08.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Полная версия