Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 24.03.2018
"Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде көзделген құжаттар мен мәліметтерді ұсыну үшін декларанттар немесе кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалар пайдаланатын бағдарламалық өнімдерге қойылатын талаптарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 230 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 29 сәуірде № 10856 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2018 жылғы 24 наурызынан бастап ҚР Қаржы министрінің 23.02.2018 ж. № 266 Бұйрығына сәйкес
«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексінің 68-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде көзделген құжаттар мен мәліметтерді ұсыну үшін декларанттар немесе кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалар пайдаланатын бағдарламалық өнімдерге қойылатын талаптар бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) белгіленген тәртіпте мыналарды қамтамасыз етсін:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейiн күнтiзбелiк он күн ішінде оны мерзімдік баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды; 
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды.
3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Қаржы министрінің
2015 жылғы 30 наурыздағы
 № 230 бұйрығымен
 бекітілген
«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде көзделген құжаттар мен мәліметтерді ұсыну үшін декларанттар немесе кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалар пайдаланатын бағдарламалық өнімдерге қойылатын талаптар
«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексінде көзделген құжаттар мен мәліметтерді ұсыну үшін декларанттар немесе кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалар пайдаланатын бағдарламалық өнім:
1) Кеден одағының кеден заңнамасына сәйкес белгіленген кедендік құжаттарды толтырудың форматтық-логикалық бақылау қамтылады;
2) Кеден ісі саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсында, веб-порталында орналастырылатын электрондық анықтамалардан және жіктеуіштерден жаңартылатын нормативтік-анықтамалық ақпарат қамтылады;
3) Кеден одағының кеден заңнамасына сәйкес белгіленген кедендік құжаттардың электрондық көшірмелерінің құрылымы мен форматы қамтылады;
4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес ақпараттық қауіпсіздік талаптарына және Қазақстан Республикасының аумағында қабылданған стандарттарға сәйкес болады.
Полная версия
ИС BestProfi