Кондоминиум объектісін басқару жөніндегі қағидаларды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 ақпандағы № 108 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 26 наурызда № 10528 тіркелді
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 20.02.2024 жылғы № 29 Бұйрығына сәйкес (06.09.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.03.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 14.10.2025 жылғы № 433 Бұйрығына сәйкес (22.07.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 28.10.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-2-бабының 10-10) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 14.04.2020 жылғы № 202 Бұйрығына сәйкес (19.02.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 28.04.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Кондоминиум объектісін басқару жөніндегі қағидалар бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 20.02.2024 жылғы № 29 Бұйрығына сәйкес (06.09.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.03.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 14.10.2025 жылғы № 433 Бұйрығына сәйкес (22.07.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 28.10.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген соң күнтiзбелiк он күн ішінде мерзімдік баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
Кондоминиум объектісін басқару жөніндегі қағидалар
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 14.04.2020 жылғы № 202 Бұйрығына сәйкес (19.02.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 28.04.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қағидалар өзгертілді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 30.12.2020 жылғы № 695 Бұйрығымен (14.04.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қағидалар өзгертілді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 06.09.2022 жылғы № 492 Бұйрығымен (30.12.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 27.09.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 20.02.2024 жылғы № 29 Бұйрығына сәйкес (06.09.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.03.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 22.07.2024 жылғы № 276 Бұйрығымен (20.02.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 04.08.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 14.10.2025 жылғы № 433 Бұйрығына сәйкес (22.07.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 28.10.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Кондоминиум объектісін басқару жөніндегі қағидалар (бұдан әрі - Қағидалар) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-2-бабының 10-10) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының үй қорына кіретін кондоминиум объектісін басқару процесінде туындайтын қатынастарды реттейді.
1) ағымдағы жарналар – кондоминиум нысанын басқару объектісін жабуға арналған пәтерлер мен тұрғын емес үй-жайлар иелерінің міндетті ай сайынғы жарналары;
2) басқарушы компания – кондоминиум объектісін басқару жөнінде жасалған шарты немесе пәтерлердің, көппәтерлі тұрғын үйдің тұрғын емес үй-жайларының меншік иелері жиналысының хаттамасы негізінде кондоминиум объектісін басқару бойынша қызметтер көрсететін кәсіпкерлік субъектісі;
3) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкі – дара (бөлек) меншіктегі пәтерлерден, тұрғын емес үй-жайлардан, орынтұрақ орындарынан, қоймалардан басқа, кондоминиум объектісінің бөліктері (қасбеттер, кіреберістер, вестибюльдер, холдар, дәліздер, баспалдақ марштары мен баспалдақ алаңдары, лифтілер, шатырлар, кіреберіс жерлердегі қорғауыштар (қалқалар), шатырастылар, техникалық қабаттар, жертөлелер, үйге ортақ инженерлік жүйелер мен жабдықтар, абоненттік пошта жәшіктері, көппәтерлі тұрғын үй тұрған жер учаскесі және (немесе) үй жанындағы жер учаскесі, абаттандыру элементтері және ортақ пайдаланылатын басқа да мүлік);
4) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін ағымдағы жөндеу – мерзімінен бұрын тозуын болғызбау және ақауларын жою мақсатында жүргізілетін, көппәтерлі тұрғын үйдің нормативтік және техникалық құжаттамада белгіленген құрама бөліктері мен инженерлік жабдықтарын ауыстыру немесе қалпына келтіру жөніндегі уақтылы техникалық іс-шаралар мен жұмыстар кешені;