Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 20.11.2018
Кедендік декларациялау жөніндегі маманның біліктілік аттестатын беру қағидасын бекіту туралы
 Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 124 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 9 сәуірде № 10657 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2018 жылғы 20 қарашадан бастап ҚР Қаржы министрінің 28.09.2018 жылғы № 859 Бұйрығына сәйкес
«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексінің 32-бабының 1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Кедендік декларациялау жөніндегі маманның біліктілік аттестатын беру қағидасы бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетіне (Д. Е. Ерғожин) заңнамамен белгіленген тәртіпте:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімдік баспа басылымдарда және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Қаржы министрінің
2015 жылғы 25 ақпандағы
 № 124 бұйрығымен
 бекітілген
Кедендік декларациялау жөніндегі маманның біліктілік аттестатын беру қағидасы
1. Осы Кедендік декларациялау жөніндегі маманның біліктілік аттестатын беру қағидасы кедендік декларациялау жөніндегі маманның біліктілік аттестатын беру тәртібін айқындайды.
2. Кедендік декларациялау жөніндегі маманның біліктілік аттестатын алу үшін ақпараттық жүйелерді қолдана отырып, «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің  32-бабының 3-тармағына сәйкес айқындаған аумақтық мемлекеттік кірістер органдары өткізетін біліктілік емтиханын тапсыру қажет.
3. Біліктілік емтиханды жүргізген аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының жауапты лауазымды тұлғасы бір жұмыс күн ішінде ведомостарын жинау және хаттамаларды жасау жолымен біліктілік емтихандарының қорытындысын шығарады.
4. Біліктілік емтиханын жүргізген аумақтық мемлекеттік кірістер органының басшысы (оны алмастыратын адам) және жауапты лауазымды тұлғасы қол қойған хаттаманың негізінде біліктілік аттестаттар, «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 32-бабының 7-тармағына сәйкес бекітілетін нысан бойынша кедендік декларациялау жөніндегі маманның бейджі дайындалады.
5. Біліктілік аттестаттар және бейдждерге аумақтық органның басшысы (оны алмастыратын адам) қол қояды. 
6. Аумақтық мемлекеттік кірістер органдары кедендік декларациялау жөніндегі маманның біліктілік аттестатын беруді біліктілік емтихандарын тапсырған сәттен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізеді.
7. Аумақтық мемлекеттік кірістер органдары Қағидаға қосымшаға сәйкес нысан бойынша кедендік декларациялау жөніндегі маманның біліктілік аттестатын, бейдждерін беру журналын жүргізеді.
8. Кедендік декларациялау жөніндегі маманның біліктілік аттестаты немесе бейдждері жоғалған (бүлінген), сондай-ақ тегі, аты, әкесінің аты өзгерген жағдайда бұдан бұрын кедендік декларациялау жөніндегі аттестатты берген аумақтық мемлекеттік кірістер органына еркін нысандағы өтінішті:
жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
мөлшері 3,5 х 4,5 сантиметр түрлі-түсті екі фотографияны қоса бере отырып ұсыну қажет.
9. Кедендік декларациялау жөніндегі маманның біліктілік аттестатының қолданылу мерзімі екі жылды құрайды.
Қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін кедендік декларациялау жөніндегі маманның біліктілік аттестаты жарамсыз деп саналады.
10. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты біліктілік аттестатының қолданылуы тоқтатылған жағдайда кедендік декларациялау жөніндегі маман қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін екі ай бұрын қолданыстағы біліктілік аттестатын қоса бере отырып, «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 32-бабының 4-тармағына сәйкес қайта аттестаттау бойынша емтихан тапсыруға өтініш береді. Емтиханды сәтті тапсырған кезде қолданыстағы біліктілік аттестаты жаңасы тіркелген сәттен бастап жарамсыз болады.
11. Егер кедендік декларациялау жөніндегі маманның біліктілік аттестаты өтініш иесі ұсынған толық емес мәліметтер және дәйексіз мәліметтер негізінде берілген жағдайда, біліктілік аттестаты жойылуға жатады.
12. Біліктілік аттестатын жою туралы шешім аумақтық мемлекеттік кірістер органы басшысының (оны алмастыратын адамның) бұйрығымен ресімделеді. Бұл ретте біліктілік аттестатын беру туралы қайталама өтінішті аумақтық мемлекеттік кірістер органы жою туралы бұйрық қабылданған күнінен бастап бір жыл өткен соң қарайды.
Полная версия
ИС BestProfi