Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде кеспеағаш аймағын бөліп беру мен таксациялау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-02/161 бұйрығы.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 10 сәуірде № 10693 тіркелді
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәселелері» 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 187) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 01.11.2025 жылғы № 262 Бұйрығына сәйкес (28.06.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.11.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
1. Осы Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде кеспеағаш аймағын бөліп беру мен таксациялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәселелері» 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 187) тармақшасына сәйкес әзірленген және мемлекеттік орман қоры учаскелерінде кеспеағаш аймағын бөліп беру мен таксациялау тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 01.11.2025 жылғы № 262 Бұйрығына сәйкес (28.06.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.11.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) ағаш материалдары – көлденең және бойлай бөлу жолымен құлаған ағаштардан, өрім талдардан және олардың бөліктерінен алынатын сүректің табиғи физикалық құрылымы мен химиялық құрамын сақтаған одан жасалған материалдар;