Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 29.06.2018
Пайдалы қазбалар жатқан алаңдарға құрылыс салуға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы
 Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 208 бұйрығы
 Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 15 сәуірде № 10724 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2018 жылғы 29 маусымнан бастап ҚР Инвестициялар және даму министрінің 23.05.2018 жылғы № 367 Бұйрығына сәйкес
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңы 20-бабының 32-5) тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Пайдалы қазбалар жатқан алаңдарға құрылыс салуға рұқсат беру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті (Б.Қ. Нұрабаев):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнама белгіленген тәртіпте мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы респуликалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурстарында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі А.П. Рауға жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Ә. Исекешев
«КЕЛІСІЛДІ»:
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
___________________ Е. Досаев
2015 жылғы 16 наурыз

«КЕЛІСІЛДІ»:
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
___________________ В. Школьник
2015 жылғы 5 наурыз
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
 министрінің
2015 жылғы 27 ақпандағы
 № 208 бұйрығымен
 бекітілген
Пайдалы қазбалар жатқан алаңдарға құрылыс салуға рұқсат беру қағидалары
1. Пайдалы қазбалар жатқан алаңдарға құрылыс салуға рұқсат беру қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 32-5) тармағына сәйкес әзiрленді және пайдалы қазбалар жатқан алаңдарға құрылыс салуға рұқсат беру тәртiбiн айқындайды.
2. Жергілікті атқарушы орган ұсынылған негіздеуші материалдардың құрылыс салудың экономикалық орындылығы бөлігін қарастырады, ал уәкiлеттi орган ұсынылған негіздеуші материалдардың пайдалы қазбаларды алу мүмкiндігі бөлігін қарастырады.
2. Пайдалы қазбалар жатқан алаңдарға құрылыс салуға рұқсат беру тәртiбi
3. Пайдалы қазбалар қабаттары жатқан алаңдарға құрылыс салуға жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органның және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органның (бұдан әрі - жергілікті атқарушы орган) рұқсатымен пайдалы қазбаларды алу мүмкіндігі қамтамасыз етілген немесе құрылыс салудың экономикалық орындылығын дәлелденген жағдайда жол беріледі.
4. Пайдалы қазбалар жатқан алаңға құрылыс салуға рұқсат алу үшiн жеке немесе заңды тұлға жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi жергілікті атқарушы органға ерiктi нысандағы өтiнiмдi жібереді, онда бизнес сәйкестендіру нөмірін көрсетіп, заңды тұлғаның атауы немесе оның жеке сәйкестендіру нөмірін, мекенжайын, географиялық координаттардағы құрылыс объектiсiнiң орналасатын жерiн көрсетіп, жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты көрсетiледi.
Полная версия
ИС BestProfi