Близость слов: Окончание:





Мемлекеттік мүлік тізіліміне деректерді беру нысанын, көлемін және кезеңділігін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 10 сәуірдегі № 267 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 15 мамырда № 11054 тіркелді
Редакция 20.04.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 200-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер Министрінің Бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 16.01.2020 № 23 Бұйрығына сәйкес (10.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 04.02.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің м.а. 05.04.2024 жылғы № 184 Бұйрығына сәйкес (16.01.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 20.04.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1.  Мыналар:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер Министрінің Бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 16.01.2020 № 23 Бұйрығына сәйкес (10.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 04.02.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітілген мүлік объектілері бойынша мемлекеттік мүлік тізіліміне деректерді беру нысаны мен көлемі;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жер пайдаланудағы жер учаскелері бойынша мемлекеттік мүлік тізіліміне деректерді беру нысаны мен көлемі;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардың акциялары мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестері бойынша мемлекеттік мүлік тізіліміне деректерді беру нысаны мен көлемі;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес мемлекетке тиесілі ұлттық мәдени игілік объектілері бойынша мемлекеттік мүлік тізіліміне деректерді беру нысаны мен көлемі;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес мемлекетке тиесілі зияткерлік меншік объектілері бойынша мемлекеттік мүлік тізіліміне деректерді беру нысаны мен көлемі;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес мемлекеттік заңды тұлғалар бойынша мемлекеттік мүлік тізіліміне деректерді беру нысаны мен көлемі;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес мемлекеттік заңды тұлғаларға, олардың филиалдары мен өкілдіктеріне тіркелген шағын көлемді және өзен кемелері бойынша мемлекеттік мүлік тізіліміне деректерді беру нысаны мен көлемі;
8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес мемлекеттік заңды тұлғаларға, олардың филиалдары мен өкілдіктеріне тіркелген көлік құралдары бойынша мемлекеттік мүлік тізіліміне деректерді беру нысаны мен көлемі;
9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес мемлекеттік заңды тұлғаларға, олардың филиалдары мен өкілдіктеріне тіркелген ауыл шаруашылығы көлік құралдары бойынша мемлекеттік мүлік тізіліміне деректерді беру нысаны мен көлемі;
10) осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес мемлекеттік заңды тұлғалар мен ұйымдарға берілген лицензиялар және рұқсаттар бойынша мемлекеттік мүлік тізіліміне деректерді беру нысаны мен көлемі;
11) осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес мемлекеттік заңды тұлғаларға, олардың филиалдары мен өкілдіктеріне тіркелген табиғи ресурстар кадастрларының объектілері бойынша мемлекеттік мүлік тізіліміне деректерді беру нысаны мен көлемі;
12) осы бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның заңды тұлғалар тізіміне сәйкес заңды тұлғалардың банкроттығы туралы істер қозғау туралы шешімдер (шешімдердің көшірмесі) бойынша және жекелеген негіздер бойынша мүлікті мемлекет кірісіне айналдыруды көздейтін соттардың заңды күшіне енген шешімдері (үкімдері, қаулылары) туралы мемлекеттік мүлік тізіліміне деректерді беру нысаны мен көлемі;
12-1) осы бұйрыққа 12-1-қосымшаға сәйкес электрондық ақпараттық ресурстар түрінде мемлекетке тиесілі ақпараттандыру объектілерінің мемлекеттік мүлік тізіліміне деректерді беру нысаны мен көлемі
1-тармақ 12-1-тармақмақшамен толықтырылды ҚР Қаржы министрінің м.а. 05.04.2024 жылғы № 184 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 20.04.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
13) осы бұйрыққа 13-қосымшаға сәйкес мемлекеттік мүлік тізіліміне деректерді беру кезеңділігі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
2-тармақ өзгертілді ҚР Қаржы министрінің м.а. 05.04.2024 жылғы № 184 Бұйрығымен (16.01.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 20.04.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Полная версия
ИС BestProfi