Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 29.06.2018
Көмірсутек шикізатын, уранды және көмірді барлауға, өндіруге және бірлескен барлау мен өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығын беру бойынша тікелей келіссөздер жүргізу жөніндегі жұмыс тобы туралы ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 243 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 30 сәуірде № 10904 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2018 жылғы 29 маусымнан бастап ҚР Энергетика министрінің 28.04.2018 жылғы № 152 Бұйрығына сәйкес
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 17 бабы 27) тармақшасына  сәйкес,  БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берілген Көмірсутек шикізатын, уранды және көмірді барлауға, өндіруге және бірлескен барлау мен өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығын беру бойынша тікелей келіссөздер жүргізу жөніндегі жұмыс тобы туралы ереже бекітілсін.
2. «Пайдалы қазбаларды барлау мен өндіруге, сондай-ақ бірлескен барлау мен өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын беру бойынша тікелей келіссөздер жүргізу жөніндегі жұмыс тобы және оның құрамы туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрінің 2010 жылғы 6 қазандағы № 347 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6610 тіркелген; «Егемен Қазақстан» 2010 жылғы 30 қарашадағы № 506-512 (26355).
3. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаментіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың көшірмесі Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күннің ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануына жолдануын;
3) Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ғаламтор-ресурстарына және мемлекеттік органдардың ғаламтор-порталдарында осы бұйрықтың орналасуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күннің ішінде осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көзделген шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етілсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық оның ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы энергетика министрі В.Школьник
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 30 наурызда
№ 243 бұйрығымен
бекітілді
Көмірсутек шикізатын, уранды және көмірді барлауға, өндіруге және бірлескен барлау мен өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығын беру бойынша тікелей келіссөздер жүргізу жөніндегі жұмыс тобы туралы ереже
1. Осы Көмірсутек шикізатын, уранды және көмірді барлауға, өндіруге және бірлескен барлау мен өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығын беру бойынша тікелей келіссөздер жүргізу жөніндегі жұмыс тобы туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) барлауға, өндіруге және бірлескен барлау мен өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын беруге тікелей келіссөздер жүргізу жөніндегі жұмыс тобының (бұдан әрі – Жұмыс тобы) қызметін реттейді.
2. Жұмыс тобы өз қызметiн «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңына, өзге нормативтiк құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Жұмыс тобы қызметінің негізгі мақсаты көмірсутегі шикізатын, уранды және көмірді барлау, өндіру, бірлесіп барлау мен өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын беруге тікелей келіссөздер жүргізу және оның қорытындысы бойынша шешім қабылдау болып табылады.
4. Жұмыс тобының құрамы Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің немесе оны алмастыратын тұлғаның бұйрығымен бекітіледі.
5. Құзыретті органның тікелей келіссөздердің қорытындылары бойынша шешімі тікелей келіссөздердің хаттамасымен ресімделеді, оған Жұмыс тобының барлық қатысушы мүшелері қол қояды.
2. Жұмыс тобының міндеттері мен функциялары
1) барлауға, оның ішінде оңайлатылған тәртіппен көмір сутек шикізатын, уранды және көмірді өндіруге, бірлесіп барлау мен өндіруге жер қойнауын пайдалануға құқық беру жөніндегі тікелей келіссөздерге қатысуға өтінімді қарау және бағалау;
2) барлауға, оның ішінде оңайлатылған тәртіппен көмірсутек шикізатын, уранды және көмірді өндіруге, бірлесіп барлау мен өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын берудің негізгі талаптарын белгілеу.
1) тікелей келіссөздер негізінде барлауға, оның ішінде оңайлатылған тәртіппен көмірсутек шикізатын, уранды және көмірді өндіруге, бірлесіп барлау мен өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын алуға өтінімді уақытылы және сапалы қарауды қамтамасыз ету;
2) тікелей келіссөздер негізінде барлауға, оның ішінде оңайлатылған тәртіппен көмірсутек шикізатын, уранды және көмірді өндіруге, бірлесіп барлау мен өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын алу үшін ұсынылған өтінімді объективті және жан-жақты бағалау;
3) тікелей келіссөздер қорытындылары бойынша шешім қабылдау, болып табылады.
1) өз функцияларын жүзеге асыру үшін мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, лауазымды тұлғалар мен азаматтардан қажетті ақпараттарды сұратады және алады;
2) Жұмыс тобының мүшелерiн және тікелей келіссөздерде қатысу үшін өтінімді берген тұлғаны (бұдан әрі - Өтініш беруші) мәжiлiстерге шақырады және тыңдайды;
3) тікелей келіссөздердің қорытындылары бойынша шешім қабылдайды;
4) орталық атқарушы және өзге мемлекеттік органдармен, ұйымдармен бірлесіп әрекет етеді, сондай-ақ жұмыс тобының міндеттерін іске асыру мақсатында жұмысқа мамандар мен сарапшыларды тарта алады.
9. Жұмыс тобы басшы, басшы орынбасары және жұмыс тобы мүшелері құрамында құрылады.
Жұмыс тобын басшы басқарады, ол жұмыс тобының қызметін басқарады, оның жұмысын жоспарлайды, отырыс күн тәртібін бекітеді, жұмыс тобының шешімдерін іске асыруға жалпы бақылауды жүзеге асырады.
1) Жұмыс тобы отырысының күн тәртібін жасайды;
2) Жұмыс тобының отырысына тиісті құжаттар мен материалдардың дайындауын қамтамасыз етеді;
3) Жұмыс тобы отырыстарының хаттамаларын әзірлейді.
10. Жұмыс тобының жұмыс органы Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті болып табылады.
11. Құзыретті орган Өтініш берушіні тікелей келіссөздерге қатысуға арналған өтінім келіп түскен күннен бастап екі ай ішінде тікелей келіссөздер жүргізу туралы немесе тікелей келіссөздер жүргізуден бас тарту туралы шешім қабылдағаны жөнінде хабардар етеді.
Құзыретті орган Өтініш берушіні тікелей келіссөздер жүргізілетін күн туралы хабардар етеді.
12. Оңайлатылған тәртіппен барлауға жер қойнауын пайдалану құқығын беру бойынша өтінім құзыретті органға келіп түскен күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Өтінімді қарау нәтижелері бойынша құзыретті орган өтінімді қабылдайды немесе оны қабылдамайды.
1) тікелей келіссөздер Заңның 58-бабының талаптарына сәйкес ресімделген көмірсутек шикізатын, уран және көмірді барлау мен өндіруге, бірлесіп барлау мен өндіруге жер қойнауын пайдалануға құқық беру жөніндегі тікелей келіссөздерге қатысуға өтініш келіп түскен күннен бастап екі ай ішінде жүргізіледі. Бұл ретте, тікелей келіссөздер өткізу мерзімі құзыретті органның шешімімен ұзартылуы мүмкін;
2) тікелей келіссөздер Заңның 57-1-бабының талаптарына сәйкес ресімделген оңайлатылған тәртіппен барлауға жер қойнауын пайдалануға қатысуға өтінім қабылданғаннан кейін он жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
14. Жұмыс тобының отырыстары қажеттiлiгiне қарай өткiзiледi және оған жұмыс тобы мүшелерi жалпы санының кемiнде үштен екiсi қатысса, заңды деп саналады.
15. Жұмыс тобының шешімі қатысып отырған мүшелердің жалпы санының көпшілік дауысымен қабылданады. Жұмыс тобының мүшелері шешім қабылдау барысында тең дауыстарға ие. Дауыстар тең болған жағдайда Жұмыс тобының басшысы дауыс берген шешім қабылданды деп саналады.
16. Жұмыс тобы отырысының қорытындысы бойынша үш жұмыс күні ішінде хаттама рәсімделеді, оған Жұмыс тобына қатысқан барлық мүшелері мен өтініш берушінің уәкілетті өкілдері қол қояды.
17. Жұмыс тобының қызметін ұйымдастыру, материалдарды жинау және сақтауды жұмыс органы жүзеге асырады.
18. Жұмыс тобы құзыретті органның шешімімен құрылады және таратылады.
Полная версия
ИС BestProfi