«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 07.01.2021
Орта білім беру саласында жергілікті атқарушы органдармен көрсетілетін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 179 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 15 мамырда № 11057 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2021 жылғы 7 қантардан бастап ҚР Білім және ғылым министрінің 28.12.2020 жылғы № 545 Бұйрығына сәйкес
Редакция 07.07.2020 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Мыналар:
1) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақша күшін жойды ҚР Білім және ғылым министрінің 24.06.2020 жылғы № 264 Бұйрығына сәйкес (29.05.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 07.07.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақша күшін жойды ҚР Білім және ғылым министрінің 29.05.2020 жылғы № 225 Бұйрығына сәйкес (25.01.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 13.06.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты .
2. Мектепке дейінгі және орта білім, ақпараттық технологиялар департаменті (Ж. Жонтаева):
1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін ;
2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен соң осы бұйрықты ресми жариялауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Білім және ғылым вице-министрі Е. Иманғалиевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр А. Сәрінжіпов
Полная версия