«Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 1-тармағының 19-13) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторы телекоммуникацияларының желiлеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 71 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 23 сәуірде № 10787 тіркелді
1. Қоса беріліп отырған Қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторы телекоммуникацияларының желiлеріне қойылатын талаптар бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестиялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті (С.С. Сарсенов):
1) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымында және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі А.Қ. Жұмағалиевке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
ҚР Инвестициялар және даму министрі Ә. Исекешев
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі _________ И. Тасмағамбетов 2015 жылғы 2 наурыз
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі ______________ Қ. Қасымов 2015 жылғы 20 ақпан
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің төрағасы___________ Н. Әбіқаев 2015 жылғы 13 наурыз
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 71 бұйрығымен бекітілген
Қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторы телекоммуникацияларының желiлеріне қойылатын талаптар
1. Осы қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторы телекоммуникацияларының желiлеріне қойылатын талаптар (бұдан әрі – Талаптар) 2004 жылғы 5 шілдедегі «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 5) тармақшасына сәйкес жасалынды және қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторы телекоммуникацияларының желiлеріне қойылатын талаптарын анықтайды.
Талаптарда мынадай терминдер, анықтамалар пайдаланылады:
1) арналардың коммутациясы – арналар мен байланыс жолдарының жүйелі қосылысын қамтамасыз ететiн станциядағы немесе желi торабындағы операциялар жиынтығы;
2) байланыс желiлерiнiң өзара iс-қимылы – ортақ мiндеттердi орындау мақсатында технологиялық ілеспе желiлердiң бiрлесiп жұмыс iстеуi;
Полная версия