Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 29.10.2022
Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсету жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын қызметкерлердің, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерінің нысанды киімі мен арнайы киiм-кешегінің тиесiлiлігі нормаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 256 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 25 сәуірде № 10802 тіркелді
Осы Бұйрық 2022 жылғы 29 қазаннан бастап күшін жойды ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 01.08.2022 жылғы № 6-НҚ Бұйрығына сәйкес

Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 02.12.2015 жылғы № 984 Бұйрығына сәйкес (19.03.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.01.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Редакция 25.12.2021 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 70-26) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берiлiп отырған табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсету жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын қызметкерлердің, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерінің нысанды киімі мен арнайы киiм-кешегінің тиесiлiлігі нормалары бекiтiлсiн.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 02.12.2015 жылғы № 984 Бұйрығына сәйкес (19.03.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.01.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті (В.В. Петров) заңда белгiленген тәртiпте: 
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеудi;
2) осы бұйрық мемлекеттiк тiркелгеннен кейін күнтiзбелiк он күн iшiнде мерзiмдi баспа басылымдарында және «Әдiлет» ақпараттық-құқықтық жүйесiнде ресми жариялауға жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсiн. 
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары В.К. Божкоға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр полиция генерал-лейтенанты Қ. Қасымов
«КЕЛІСІЛДІ»
 Қазақстан Республикасының Қаржы министрі_________________ Б. Сұлтанов
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 19 наурыздағы
№ 256 бұйрығына
қосымша
Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсету жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын қызметкерлердің, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерінің нысанды киімі мен арнайы киiм-кешегінің тиесiлiлігі нормалары
Нормалардың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 02.12.2015 жылғы № 984 Бұйрығына сәйкес (19.03.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.01.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Осы Нормалар өзгертілді ҚР Ішкі істер министрінің 03.03.2018 жылғы № 89 Бұйрығымен (02.12.2015 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 16.03.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Нормалар өзгертілді ҚР Ішкі істер министрінің 13.12.2019 жылғы №1064 Бұйрығымен (03.03.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 04.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Нормалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 03.12.2021 жылғы № 573 Бұйрығына сәйкес (13.12.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 25.12.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-бөлім. Жоғары басшы құрамының нысанды киімі мен арнайы киiм-кешегінің тиесiлiлігі нормалары

р/с №

Нормалардың атауы

1 адамға өлшем бірлікті сандық түрде есептегенде

Кию мерзімі

Ескертпе

1

2

3

4

5

1-кіші бөлім. Парадтық-салтанатты нысанды киім*

Жазғы

1.

Қою көк түстi фуражка

1 дана

5 жыл


 

2.

Қою көк түсті ашық екі қаусырмалы мундир мен қою-қызғылт сары түсті лампастары бар қою көк түсті балағы түсіңкі шалбар

1 жинақ

5 жыл


 

3.

Ақ түстi ұзын жеңді жейде

1 дана

3 жыл


 

4.

Қара түстi, хром бәтеңке

1 жұп

3 жыл


 

2-кіші бөлім. Күнделікті нысанды киім*

Жазғы

5.

Қою көк түстi фуражка

1 дана

3 жыл


 

6.

Қою көк түсті бейсболка

1 дана

3 жыл


 

7.

Қою көк түсті ашық екі қаусырмалы мундир мен қою-қызғылт сары түсті лампастары бар қою көк түсті балағы түсіңкі шалбар

1 жинақ

5 жыл


 

8.

Көгілдір түстi ұзын жеңді жейде

2 дана

2 жыл


 

9.

Көгілдір түстi қысқа жеңдi жейде

2 дана

2 жыл


 

10.

Ақ түсті футболка

2 дана

1 жыл


 

11.

Қара түстi, хром бәтеңке

1 жұп

3 жыл


 

Қысқы

12.

Сұр түсті қаракөлден тігілген құлақшын

1 дана

5 жыл


 

13.

Қою көк түсті маусымаралық бейсболка

1 дана

3 жыл


 

14.

Қою көк түсті алмалы-салмалы үлбір жиегі бар күләпарасмен ішкі күртешесі бар астары жылы күртеше

1 дана

3 жыл


 

15.

Қара түсті жылы хром етік

1 жұп

3 жыл


 

3-кіші бөлім. Арнайы нысанды киім

16.

Жазғы арнайы киiм

1 жинақ

3 жыл

Бейсболка немесе қөю қызғылт сары түсті берет; сыдырмалы ұзын жеңді күртеше және қөю көк түсті шалбар; сыдырмалы қысқа жеңді күртеше және қөю көк түсті шалбар; ақ түсті футболка немесе кезектескен ақ-қызғылт сары жолақтары бар тельняшка; қара түсті ұзын қонышты юфталы бәтеңке

17.

Қысқы арнайы киiм

1 жинақ

3 жыл

Қою көк түсті матадан тігілген жылы құлақшын; қою көк түсті маусымаралық бейсболка; қою көк түсті алмалы-салмалы үлбір жиегі бар күләпарасмен ішкі күртешесі бар жылы күртеше және қою көк түсті астары жылы шалбар; қою көк түсті ойығы жоқ свитер; қою түсті жылы қонышы биік бәтеңке

4-кіші бөлім. Дала нысанды киім*

Жазғы

18.

Қою көк түсті бейсболка

1 дана

2 жыл


 

19.

Қою көк түсті жапсырма қалталы күртеше мен шалбар

1 жинақ

2 жыл


 

20.

Қою көк түсті футболка

1 дана

2 жыл


 

21.

Қара түсті қонышы биік юфталы бәтеңке

1 жұп

2 жыл


 

Қысқы

22.

Қою көк түсті матадан тігілген жылы құлақшын

1 дана

2 жыл


 

23.

Қою көк түсті жапсырма қалталармен алмалы-салмалы күләпарасы бар жылы күртеше

1 жинақ

2 жыл

жиынтықта қою көк түсті тоқылған бөрік

24.

Қара түсті қонышы биік жылы юфталы бәтеңке.

1 жұп

2 жыл


 

5-кіші бөлім. Аксессуарлар*

25.

Қою көк түсті галстук

2 дана

2 жыл


 

26.

Галстук қысқышы

2 дана

4 жыл


 

27.

Алтын түстес аксельбант

1 дана

7 жыл


 

28.

Алтын түсті салтанатты белбеу

1 дана

7 жыл


 

29.

Ақ түсті қолғап

1жұп

5 жыл


 

30.

Қара түсті былғары қолғап

1 жұп

2 жыл


 

31.

Қою көк түсті кашне

2 дана

2 жыл


 

32.

Ақ түсті кашне

1 дана

3 жыл


 

6-кіші бөлім. Керек-жарақтар

33.

Сөмкесі бар желбей костюм

1 жинақ

4 жыл


 

* жоғары басшы құрамның нысанды киімі мен айырым белгілерінің суреттері мен сипаттамасы осы Нормаларға қосымшада келтірілген;
1) Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында және Нұр-Сұлтан қаласында қысқы киім-кешекті кию мерзімі екі есе қысқартылады, ал Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан облыстарында және Алматы мен Шымкент қалаларында жазғы киім-кешекті кию мерзімі екі есе қысқартылады;
Полная версия
ИС BestProfi