Близость слов: Окончание:





Балық аулау қағидаларын бекіту туралы 
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-04/148 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 1 сәуірде № 10606 тіркелді
Редакция 18.02.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 9-бабы 1-тармағының 57) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Балық аулау қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министрдің міндетін атқарушы С. Омаров
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
 міндетін атқарушының
 2015 жылғы 27 ақпандағы
 № 18-04/148 бұйрығымен
 бекітілген
1-тарау. Жалпы ережелер
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 26.11.2019 жылғы № 86 Бұйрығына сәйкес (15.08.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 23.12.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Балық аулау қағидалары «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі − Заң) 9-бабы 1-тармағының 57) тармақшасына сәйкес әзірленді және балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде жеке және заңды тұлғалардың кәсіпшілік және әуесқойлық (спорттық) балық аулауды, ғылыми-зерттеу үшін аулауды, бақылау үшін аулауды, мелиорациялық аулауды, сондай-ақ өсімді молайту мақсатындағы аулауды ұйымдастыруы мен жүргізуі тәртібін регламенттейді.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 15.08.2017 жылғы № 338 Бұйрығына сәйкес (06.10.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.10.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2. Осы Қағидалардың қолданысы балық және басқа да су жануарларын жасанды өсіруге қолданылатын су айдындарынан басқа, балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулау, көбейту және өсіру үшін пайдаланылатын немесе пайдаланылуы мүмкiн не олардың запастарының өсімін молайту үшін маңызы бар Қазақстан Республикасының барлық балық шаруашылығы су айдындарына және (немесе) учаскелеріне (өзендер және оларға теңестірілген каналдар, көлдер, сулы-батпақты алқаптар, су қоймалары, тоғандар және басқа да ішкі су айдындары, аумақтық сулар), сондай-ақ теңіз суларына таралады.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 26.11.2019 жылғы № 86 Бұйрығына сәйкес (15.08.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 23.12.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. Заңды тұлға мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың құрамына кіретін су айдындарында балық аулау «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңымен реттеледі.
4. Осы Балық аулау қағидаларында мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
4-тармақ өзгертілді ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 15.08.2017 жылғы № 338 Бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.10.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
4-тармақ өзгертілді ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 26.11.2019 жылғы № 86 Бұйрығымен (15.08.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 23.12.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 07.02.2023 жылғы № 35 Бұйрығына сәйкес (13.10.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 21.02.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) аншлаг –өсімді молайту учаскелері мен тыныштық аймақтарының, балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің атауы мен шекараларын, сондай-ақ аңшылыққа және балық аулауға тыйым салынған мерзімдер мен орындарды көрсететін маңдайша жазу;
2) аумақтық бөлімшелер – Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциялары;
3) балықшы – бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде өзінің еңбек міндеттемелеріне қарай балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулауды жүзеге асыратын балық шаруашылығы субъектісінің қызметкері;
Полная версия
ИС BestProfi