Автожанармай құю станцияларында және мұнай өнімдері базасында мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналының нысанын және оны жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 136 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 31 наурызда № 10592 тіркелді
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 28.06.2016 жылғы № 344 Бұйрығына сәйкес (27.02.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 16.08.2016 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
«Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 12) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР ПремьерМинистрінің орынбасары - Қаржы министрінің 27.09.2023 жылғы № 1023 Бұйрығына сәйкес (02.10.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.10.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 28.06.2016 жылғы № 344 Бұйрығына сәйкес (27.02.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 16.08.2016 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1) бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес автожанармай құю станцияларында және мұнай өнімдері базасында мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналдарын жүргізу қағидалары;
2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуден өткеннен кейін оны күнтізбелік он күн ішінде мерзiмдi баспа басылымдарында және «Әділет» құқықтық-ақпараттық жүйесіне ресми жариялануға жіберілуін;
Автожанармай құю станцияларында және мұнай өнімдері базаларында мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналын жүргізу қағидалары
Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 28.06.2016 жылғы № 344 Бұйрығына сәйкес (27.02.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 16.08.2016 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1. Осы Автожанармай құю станцияларында және мұнай өнімдері базаларында мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналын жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 12) тармақшасына сәйкес әзірленген.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР ПремьерМинистрінің орынбасары - Қаржы министрінің 27.09.2023 жылғы № 1023 Бұйрығына сәйкес (02.10.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.10.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Осы Қағидалар мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізушілер, мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілер, импорттаушылар, мұнай өнімдерін өндірушілер (бұдан әрі – мұнай өнімдері нарығының субъектілері) ресімдейтін автожанармай құю станцияларында және мұнай өнімдері базаларында мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналдарын жүргізу тәртібін айқындайды және автожанармай құю станцияларында және мұнай өнімдері базаларында мұнай өнімдерінің қозғалысы туралы мәліметтерді көрсетеді.
1-параграф. Автожанармай құю станцияларында және мұнай өнімдері базаларында мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналын жүргізу
1-параграфтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР ПремьерМинистрінің орынбасары - Қаржы министрінің 27.09.2023 жылғы № 1023 Бұйрығына сәйкес (02.10.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.10.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. Мұнай өнімдері нарығының субъектілері осы бұйрықпен бекітілген нысан бойынша автожанармай құю станцияларында және мұнай өнімдерінің базаларында мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналын толтырады.
4. Автожанармай құю станцияларында және мұнай өнімдерінің базаларында мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналдары мұнай өнімдері нарығының субъектілерінің қолымен куәландырылады.
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 02.10.2019 жылғы № 1078 Бұйрығына сәйкес (28.06.2016 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 18.10.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-параграф. Автожанармай құю станцияларында мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналын ресімдеу және толтыру
2-параграфтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР ПремьерМинистрінің орынбасары - Қаржы министрінің 27.09.2023 жылғы № 1023 Бұйрығына сәйкес (02.10.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.10.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
7. 3-бағанда жұмыс күні басында мұнай өнімдері нарығының субъектілерінде бар мұнай өнімдерінің қалдығы (мөлшері) (тоннамен, килограммен) көрсетіледі. Тәулік бойы жұмыс істеу режимінде – ауысымның басында.
Автожанармай құю станцияларынан мұнай өнімдерін бөлшек саудада сату бойынша қызметін алғаш бастаған мұнай өнімдері нарығының субъектілері осы бағанды толтырған кезде мұнай өнімдерінің нөлдік қалдығын көрсетеді (қызметін бастаған күніне).
10. 6-бағанда жұмыс күнінің соңына мұнай өнімдері нарығының субъектілерінде бар мұнай өнімдерінің қалдығы (мөлшері) көрсетіледі (тоннамен, килограммен). Тәулік бойы жұмыс режимінде - ауысымның соңында.
12. 8-бағанда мұнай өнімдерін жеткізушінің жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - ЖСН) немесе бизнес сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - БСН) көрсетіледі.
13. 9-бағанда тауарларға ілеспе жүкқұжаттың нөмірі көрсетіледі.
13-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР ПремьерМинистрінің орынбасары - Қаржы министрінің 27.09.2023 жылғы № 1023 Бұйрығына сәйкес (02.10.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.10.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
14. 10-бағанда тауарларға ілеспе жүкқұжаттың күні (күні, айы және жылы) көрсетіледі.
14-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР ПремьерМинистрінің орынбасары - Қаржы министрінің 27.09.2023 жылғы № 1023 Бұйрығына сәйкес (02.10.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.10.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
15. 11-бағанда ілеспе жүкқұжатына сәйкес сатып алынған (мұнай өнімдері базасынан немесе резервуарлардан ауыстырылған) мұнай өнімдерінің мөлшері (тоннамен, килограммен) көрсетіледі.
16. 12-бағанда көрсетілген журналды жүргізуге жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) көрсетіледі, қолы қойылады.
16-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР ПремьерМинистрінің орынбасары - Қаржы министрінің 27.09.2023 жылғы № 1023 Бұйрығына сәйкес (02.10.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.10.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
17. Тұрақты, контейнер және жылжымалы түрде автожанармай құю станцияларынан мұнай өнімдерін бөлшек саудада сатуды жүзеге мұнай өнімдері нарығының субъектілері мұнай өнімдерін бөлшек саудада сату жөніндегі операцияларды жүргізген кезде автожанармай құю станциясында мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналын толтырумен бір мезгілде тұрақты және контейнер түріндегі автожанармай құю станцияларында отын-үлестіру колонкаларының есептеуіштерінің көрсеткіштері бойынша мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналына қосымшаны толтырады.
3-параграф. Тұрақты және контейнер түріндегі автожанармай құю станцияларында отын-үлестіру колонкаларының есептеуіштерінің көрсеткіштері бойынша мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналына қосымшаны толтыру
20. 3 және 4-бағандарда жұмыс күні басына отын-үлестіру колонкаларын есептеуіштерінің көрсеткіштері көрсетіледі. Тәулік бойы жұмыс режимінде - ауысымның басына.
Аталған көрсеткіштер мұнай өнімдері нарығының субъектілеріндегі отын-үлестіру колонкаларының санына байланысты көрсетіледі, қажет болған жағдайда аталған бағандар көбейеді (азаяды).
21. 5 және 6-бағандарда жұмыс күні соңында отын-үлестіру колонкалары есептеуіштерінің көрсеткіштері көрсетіледі. Тәулік бойы жұмыс режимінде - ауысымның соңына.
Бұл көрсеткіштер мұнай өнімдері нарығының субъектілеріндегі отын-үлестіру колонкаларының санына байланысты көрсетіледі, қажет болған жағдайда бұл бағандар көбейеді (азаяды).
23. 9-бағанда көрсетілген журналды жүргізуге жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) көрсетіледі, қолы қойылады.
23-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР ПремьерМинистрінің орынбасары - Қаржы министрінің 27.09.2023 жылғы № 1023 Бұйрығына сәйкес (02.10.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.10.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4-параграф. Мұнай өнімдерінің базаларында мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналын ресімдеу және толтыру
4-параграфтың тақырыбының орыс тіліндегі мәтініне өзгерістер енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіні өзгертілмейді ҚР ПремьерМинистрінің орынбасары - Қаржы министрінің 27.09.2023 жылғы № 1023 Бұйрығына сәйкес
27. 4-бағанда жұмыс күні басындағы мұнай өнімдері нарығының субъектілерінде бар мұнай өнімдерінің қалдығы (мөлшері) (тоннамен) көрсетіледі. Тәулік бойы жұмыс істеу режимінде – ауысымның басында.
Қызметін алғаш бастаған мұнай өнімдері нарығының субъектілері осы бағанды толтырған кезде мұнай өнімдерінің нөлдік қалдығын көрсетеді (қызметін бастаған күніне).
30. 7-бағанда жұмыс күнінің соңына мұнай өнімдері нарығының субъектілерінде бар мұнай өнімдерінің қалдығы (мөлшері) көрсетіледі (тоннамен). Тәулік бойы жұмыс режимінде - ауысымның соңында.
33. 10-бағанда тауарларға ілеспе жүкқұжаттың нөмірі көрсетіледі.
33-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР ПремьерМинистрінің орынбасары - Қаржы министрінің 27.09.2023 жылғы № 1023 Бұйрығына сәйкес (02.10.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.10.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
36. 13-бағанда тауарларға ілеспе жүкқұжаттың нөмірі көрсетіледі.
36-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР ПремьерМинистрінің орынбасары - Қаржы министрінің 27.09.2023 жылғы № 1023 Бұйрығына сәйкес (02.10.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.10.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
37. 14-бағанда көрсетілген журналды жүргізуге жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) көрсетіледі, қолы қойылады.
37-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР ПремьерМинистрінің орынбасары - Қаржы министрінің 27.09.2023 жылғы № 1023 Бұйрығына сәйкес (02.10.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.10.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 27 ақпандағы
№ 136 бұйрығына
2-қосымша
2-қосымша өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 28.06.2016 жылғы № 344 Бұйрығымен (27.02.2015 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 16.08.2016 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР ПремьерМинистрінің орынбасары - Қаржы министрінің 27.09.2023 жылғы № 1023 Бұйрығына сәйкес (02.10.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.10.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Ескертпе * жылжымалы түрдегі автожанармай құю станцияларынан мұнай өнімдерін бөлшек саудада сатуды жүзеге асыратын мұнай өнімі нарығының субъектілері, меншік иесінің (жалға берушінің) атауы, автокөлік құралының мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісін және қауіпті жүк тасу қызметімен айналысу құқығына лицензияның нөмірін көрсетеді. Отын-үлестіру колонкалары есептеуіштерінің көрсеткіші автожанармай құю станцияларында мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналына қосымшаға сәйкес толтырылады.
_____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________ (атауы, орналасқан жері)
Ескертпе * отын-үлестіру колонкаларының есептеуіштері арқылы өткізілген мұнай өнімдерінің мөлшері = жұмыс күні (ауысым) соңында отын-үлестіру колонкалары есептеуіштерінің көрсеткіштері – жұмыс күні (ауысым) басында отын-үлестіру колонкалары есептеуіштерінің көрсеткіштері.
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 27 ақпандағы
№ 136 бұйрығына
3-қосымша
Осы Бұйрық 3-қосымшамен толықтырылды ҚР Қаржы министрінің 28.06.2016 жылғы № 344 Бұйрығына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 16.08.2016 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
3-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР ПремьерМинистрінің орынбасары - Қаржы министрінің 27.09.2023 жылғы № 1023 Бұйрығына сәйкес (02.10.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.10.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
_____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________ (атауы, орналасқан жері)