Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына активтерді есептеу және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын пайдалану қағидаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есепті жасау нысандары мен қағидаларын бекіту туралы
 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 267 қаулысы
Редакция 14.05.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 23-бабының 5-тармағына, 94-1, 104-баптарына және 133-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 31.12.2015 жылғы № 1188 Қаулысына сәйкес (23.04.2015 ж. редакцияны қараңыз)
Кіріспе жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 29.04.2024 жылғы № 349 Қаулысына сәйкес (13.02.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.05.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорына активтерді есептеу және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын пайдалану қағидалары;
2) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есепті жасау нысандары;
3) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есепті жасау қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2015 жылғы 23 сәуірдегі
 № 267 қаулысымен
 бекітілген
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына активтерді есептеу және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын пайдалану қағидалары
Осы Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына активтерді есептеу және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын пайдалану қағидалары Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 23-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына активтерді есептеу және оның қаражатын пайдалану тәртібін айқындайды.
Кіріспе жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 29.04.2024 жылғы № 349 Қаулысына сәйкес (13.02.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.05.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тарау. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына активтерді есептеу тәртібі
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 06.05.2021 жылғы № 296 Қаулысына сәйкес (01.11.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры (бұдан әрі – Ұлттық қор) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде белгіленген түсімдердің есебінен қалыптастырылады.
1-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 29.04.2024 жылғы № 349 Қаулысына сәйкес (13.02.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.05.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – ҚР ҰБ) Қазақстан Республикасының Үкіметіне (бұдан әрі – Үкімет) Ұлттық қор қаражатын есепке алу және оны жұмсау үшін теңгелік шот және шетел валютасында түсетін қаражаттың теңгелік баламасын есепке алу үшін теңгемен тиісті шот ашады.
3. Мұнай секторы ұйымдарына:
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 06.05.2021 жылғы № 296 Қаулысына сәйкес (01.11.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) шикі мұнайды, газ конденсатын өндірумен айналысатын заңды тұлғалар;
2) шикі мұнайды, газ конденсатын барлауға келісімшарттар жасасқан заңды тұлғалар;
3) жер қойнауын пайдаланушы салық міндеттемесін заттай нысанда орындау есебіне берген, пайдалы қазбаларды мемлекет атынан алушылар жатады.
Келесі қаржы жылына арналған мұнай секторы ұйымдарының тізбесі ағымдағы қаржы жылының 20 желтоқсанына қарай жер қойнауын пайдалану, мұнай келісімшарттарын жасасу және орындау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын құзыретті органмен және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен бірлесіп бекітіледі.
Полная версия
ИС BestProfi