Криминалистикалық талаптар мен азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын, сондай-ақ конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдарды сынау әдістерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 219 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 17 сәуірде № 10747 тіркелді
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 30.11.2022 жылғы № 919 Бұйрығына сәйкес (16.03.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.02.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
«Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабының 1-тармағының 8-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 30.11.2022 жылғы № 919 Бұйрығына сәйкес (16.03.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.02.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Криминалистикалық талаптар мен азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын, сондай-ақ конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдарды сынау әдiстерi бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 30.11.2022 жылғы № 919 Бұйрығына сәйкес (16.03.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.02.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды;
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Р.Т. Жақыповқа және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жедел-криминалистикалық департаментіне (Қ.Қ. Аманқұлов) жүктелсін.
Криминалистикалық талаптар мен азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын, сондай-ақ конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдарды сынау әдістері
Әдістер жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 30.11.2022 жылғы № 919 Бұйрығына сәйкес (16.03.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.02.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Криминалистикалық талаптар мен азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын, сондай-ақ конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдарды сынау әдістері (бұдан әрі – Криминалистикалық талаптар) азаматтық, қызметтік қару мен оның патрондарына, сондай-ақ конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдарға қойылатын арнаулы техникалық талаптарды (параметрлерді, құрылымдық ерекшеліктерді, таңбалауды) және оларды сынау әдістерін белгілейді.
Осы Криминалистикалық талаптар Қазақстан Республикасының аумағында сату құқығынсыз тек экспортқа өндірілетін азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарына қолданылмайды.
2. Осы Криминалистикалық талаптардың мақсаты атыс қаруын сәйкестендіру және азаматтық, қызметтік қару мен оның патрондарын қайта жасау мүмкіндігін болдырмау, оның ішінде оларды қарудың немесе конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдардың белгілі бір санатына жатқызу үшін сынаулар жүргізу болып табылады.