Близость слов: Окончание:





Процессингтік орталықтың жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2015 жылғы 27 ақпандағы № 7-1/179 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 17 сәуірде № 10749 тіркелді
Редакция 01.01.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 38-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 16.06.2023 жылғы № 234 Бұйрығына сәйкес (27.02.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Процессингтік орталықтың жұмыс істеу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринария және тамақ қауіпсіздігі департаменті:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министрдің міндеттерін атқарушы С. Омаров
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрі
______________Б. Сұлтанов
«____» _________ 2015 жыл
Қазақстан Республикасы
 Ауыл шаруашылығы
Министрдің міндеттерін атқарушы
 2015 жылғы 27 ақпанда
 № 7-1/179 бұйрығымен
 бекітілген
Процессингтік орталықтың жұмыс істеу қағидалары
1. Осы Процессингтік орталықтың жұмыс істеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 8-бабының 38-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және процессингтік орталықтың жұмыс істеу тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 16.06.2023 жылғы № 234 Бұйрығына сәйкес (27.02.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқор – жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдары және ветеринария саласындағы уәкілетті орган пайдаланатын, жануардың жеке нөмірі туралы, диагностикалық зерттеулердің нәтижелерін қоса алғанда, оны ветеринариялық өңдеу туралы деректерді, сондай-ақ жануардың иесі туралы мәліметтерді тіркеудің бірыңғай, көп деңгейлі жүйесін көздейтін ветеринариялық есептің бір бөлігі;
2) ауыл шаруашылығы жануарларына бірдейлендіру жұмыстарын жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) – ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру үшін қолданылатын сырғалар (радиожиілік таңбасы бар аспалы), болюстер, чиптер және өзге бұйымдар (құралдар);
3) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған атрибуттар – ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған аспап, құрал–саймандар;
Полная версия
ИС BestProfi