Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 19.12.2020
Медициналық қызметтер көрсету сапасына ішкі және сыртқы сараптамаларды ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларын бекіту туралы
 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 173 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 29 сәуірде № 10880 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 19 желтоқсаннан бастап ҚР Денсаулық сақтау министрінің 03.12.2020 жылғы № ҚР ДСМ-230/2020 Бұйрығына сәйкес  
Редакция 26.02.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 58–бабының 5–тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Медициналық қызметтер көрсету сапасына ішкі және сыртқы сараптамаларды ұйымдастыру мен жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімдік баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық–құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдануын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет–ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі А.В. Цойға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
_________________ Е. Досаев
2015 жылғы «__» ___________
Қазақстан Республикасы Денсаулық
сақтау және әлеуметтік министрінің
 2015 жылғы 27 наурыздағы
 № 173 бұйрығымен
 бекітілген
Медициналық көрсетілетін қызметтер сапасына ішкі және сыртқы сараптамаларды ұйымдастыру және жүргізу қағидалары
Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 28.06.2016 жылғы № 568 Бұйрығына сәйкес (27.03.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 13.09.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
1. Медициналық көрсетілген қызметтер сапасына ішкі және сыртқы сараптамаларды ұйымдастыру және жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 58-бабына сәйкес әзірленді және меншік нысаны мен ведомстволық тиістілігіне қарамастан денсаулық сақтау субъектілері көрсететін медициналық қызметтердің сапасына ішкі және сыртқы сараптамаларды ұйымдастыру мен жүргізу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) ауруханаішілік комиссиялар – денсаулық сақтау ұйымдарында (инфекциялық бақылау комиссиялары, асқынған және өлім жағдайларын қарау жөніндегі комиссиялар) құрылатын комиссиялар ;
2) ағымдағы талдау – сараптама жүргізу кезінде медициналық көрсетілетін қызметтерді алатын пациенттердің медициналық құжаттамасын зерделеу негізінде талдау жүргізу;
3) денсаулық сақтау саласындағы стандарт (бұдан әрі - Стандарт) – Кодекстің 7-бабының 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес әзірленген және денсаулық сақтау субъектілерінде пациенттерге медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыруға қойылатын талаптарды, медициналық, фармацевтикалық қызмет, медициналық және фармацевтикалық білім беру саласындағы жалпы қағидаттар мен сипаттамаларды белгілейтін нормативтік құқықтық акт;
Полная версия
ИС BestProfi