Реттелетін нарықтардағы бағаны белгілеу, реттелетін нарық субъектісінің инвестициялық бағдарламасын (жобасын) бекіту және түзету қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 174 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 31 наурызда № 10594 тіркелді
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 24.07.2015 жылғы № 567 Бұйрығына сәйкес (29.12.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 25.09.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Осы Бұйрық күшін жойды 2017 жылғы 20 ақпаннан бастап ҚР Ұлттық экономика министрінің 02.01.2016 жылғы № 36 Бұйрығына сәйкес
«Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-2-бабының 1 және 2-1-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 24.07.2015 жылғы № 567 Бұйрығына сәйкес (29.12.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 25.09.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
1. Қоса беріліп отырған Реттелетін нарықтардағы бағаны белгілеу, реттелетін нарық субъектісінің инвестициялық бағдарламасын (жобасын) бекіту және түзету қағидалары бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 24.07.2015 жылғы № 567 Бұйрығына сәйкес (29.12.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 25.09.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден кейін күнтізбелік он күн ішінде «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде және мерзімдік баспасөз басылымдарында ресми жариялауды;
Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 24.07.2015 жылғы № 567 Бұйрығына сәйкес (29.12.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 25.09.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
1. Осы Реттелетін нарықтардағы бағаны белгілеу, реттелетін нарық субъектісінің инвестициялық бағдарламасын (жобасын) бекіту және түзету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) бағалардың негізсіз өсуін болдырмау мақсатында «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шілдедегі Заңының (бұдан әрі – Заң) 7-2-бабының 1 және 2-1-тармақтарына сәйкес әзірленді және реттелетін нарықтардағы бағаны белгілеу тәртібін, сондай-ақ реттелетін нарық субъектісінің инвестициялық бағдарламасын (жобасын) бекіту және түзету тәртібін белгілейді.