Близость слов: Окончание:





Екінші деңгейдегі банктердің пруденциялық нормативтердің орындалуы туралы есептілігінің тізбесін, нысандарын, ұсыну мерзімдері мен қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 8 мамырдағы № 75 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2015 жылы 25 мамырда № 11162 тіркелді
Осы Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.03.2023 жылғы № 13 Қаулысына сәйкес (25.08.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 17.04.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 27.03.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 65-2) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 42-бабының 3-тармағына және 54-бабының 1-тармағына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.03.2020 жылғы № 34 Қаулысына сәйкес (30.07.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 13.04.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.03.2023 жылғы № 13 Қаулысына сәйкес (25.08.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 17.04.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Мыналар:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.05.2016 жылғы № 143 Қаулысына сәйкес (08.05.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 30.08.2016 жылдан бастап)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.11.2017 жылғы № 237 Қаулысына сәйкес (28.11.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 18.01.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес екiншi деңгейдегi банктердің пруденциялық нормативтердің орындалуы туралы есептілігінің тізбесі;
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес пруденциялық нормативтердің орындалуы туралы есептің нысаны;
3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес кредиттік тәуекел ескеріле отырып мөлшерленген активтердің талдамасы туралы есептің нысаны;
4) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес кредиттік тәуекел ескеріле отырып мөлшерленген шартты және ықтимал міндеттемелердің талдамасы туралы есептің нысаны;
5) осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес кредиттік тәуекел ескеріле отырып мөлшерленген туынды қаржы құралдары бойынша шартты және ықтимал талаптар мен міндеттемелердің талдамасы туралы есептің нысаны;
6) осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес айрықша пайыздық тәуекелді есептеудің (валюталар бөлігінде) талдамасы туралы есептің нысаны;
7) осы қаулыға 7-қосымшаға сәйкес уақыт аралықтары бойынша ашық позицияларды бөлу (валюталар бөлігінде) туралы есептің нысаны;
8) осы қаулыға 8-қосымшаға сәйкес жалпы пайыздық тәуекелді есептеудің (валюталар бөлігінде) талдамасы туралы есептің нысаны;
9) осы қаулыға 10-қосымшаға сәйкес бір қарыз алушыға келетін тәуекелдің (қарыз алушылар бөлігінде) ең жоғары мөлшерінің талдамасы туралы есептің нысаны;
10) осы қаулыға 11-қосымшаға сәйкес k4 ағымдағы өтімділік коэффициентінің талдамасы туралы есептің нысаны;
11) осы қаулыға 12-қосымшаға сәйкес k4-1, k4-2, k4-3 мерзімді өтімділік коэффициенттерінің талдамасы туралы есептің нысаны;
12) осы қаулыға 13-қосымшаға сәйкес k4-4, k4-5,  k4-6  мерзімді валюталық өтімділік коэффициенттерінің талдамасы туралы есептің нысаны;
13) осы қаулыға 14-қосымшаға сәйкес аптаның (айдың) әрбір жұмыс күні үшін әрбір шетел валютасы бойынша валюталық позициялар және  валюталық нетто-позиция туралы есептің нысаны;
14) осы қаулыға 15-қосымшаға сәйкес ішкі активтердің, ішкі және өзге міндеттемелердің орташа айлық шамасын, қаражат бөлігін ішкі активтерге орналастыру коэффициентін есептеу туралы есептің нысаны;
15) осы қаулыға 16-қосымшаға сәйкес банктердің Қазақстан Республикасының бейрезиденттері алдындағы міндеттемелерге капиталдандыру коэффициентінің талдамасы туралы есептің нысаны;
15-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.03.2020 жылғы № 34 Қаулысына сәйкес (30.07.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 13.04.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
16) осы қаулыға 17-қосымшаға сәйкес секьюритилендіру кезінде меншікті капиталдың жеткіліктілігі коэффициенттерін есептеу туралы есептің нысаны;
Полная версия
ИС BestProfi