Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 31.10.2020
Жер қатынастары саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 27 наурыздағы № 271 бұйрығы. 
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 15 мамырда № 11052 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 31 қазаннан бастап ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 01.10.2020 жылғы № 301 Бұйрығына сәйкес 
Редакция 15.10.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға түпкілікті шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 21.01.2016 жылғы № 24 Бұйрығына сәйкес (27.03.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.03.2016 жылдан бастап)
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.09.2019 жылғы № 356 Бұйрығына сәйкес (04.02.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 15.10.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес «Жерлердің сапалық жағдайы және жер учаскесінің бағалау құны туралы мәліметтерін беру» мемлекеттік қызмет стандарты бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімдік баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушы М. Құсайынов
«КЕЛІСІЛДІ» 
Қазақстан Республикасының 
Инвестициялар және даму министрі 
________________ Ә. Исекешев 
2015 жылғы 13 сәуір
Полная версия
ИС BestProfi