«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 78-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 07.03.2021
Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау мен тасымалдау қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 262 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 26 мамырда № 11191 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2021 жылғы 7 наурыздан бастап ҚР Денсаулық сақтау министрінің 16.02.2021 жылғы № ҚР ДСМ-19 Бұйрығына сәйкес Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 22.04.2019 жылғы № ҚР ДСМ-44 Бұйрығына сәйкес (22.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 14.05.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 14.05.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар мен медициналық техниканы сақтау мен тасымалдау қағидалары бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 22.04.2019 жылғы № ҚР ДСМ-44 Бұйрығына сәйкес (22.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 14.05.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті заңнамамен белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімдік баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі А.В. Цойға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Т. Дүйсенова
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 262 бұйрығымен бекітілген
Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау мен тасымалдау қағидалары
Қағидалардың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 22.04.2019 жылғы № ҚР ДСМ-44 Бұйрығына сәйкес (22.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 14.05.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Жалпы ережелер
1. Осы Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау мен тасымалдау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 78-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленген, олар дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау мен тасымалдау тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 22.04.2019 жылғы № ҚР ДСМ-44 Бұйрығына сәйкес (22.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 14.05.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
1) айқаспа контаминациясы – өндіру немесе сақтау процесінде бастапқы материалдың, аралық өнімнің немесе соңғы өнімнің өзге бастапқы материалмен немесе өніммен ластануы;
2) аймақ – дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды қабылдау, сақтау және өткізу процесінде әртүрлі функцияларды арнайы орындау үшін арналған үй-жай немесе үй-жайдың бөлігі.
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 22.04.2019 жылғы № ҚР ДСМ-44 Бұйрығына сәйкес (22.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 14.05.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3) белгілі бір температура кезінде сақтау:
терең салқындату -150 С төмен;
Полная версия