Близость слов: Окончание:





Мұнай өнімдерін өндіру және өткізу мониторингінің жүзеге асырылу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 236 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 6 мамырда № 10950 тіркелді
Редакция 27.06.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 5) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 11.06.2025 жылғы № 234-н/қ Бұйрығына сәйкес (27.06.2016 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 25.06.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Мұнай өнімдерін өндіру және өткізу мониторингінің жүзеге асырылу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай өнеркәсібін дамыту департаменті: 
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдануын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруын;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрі
      __________ Б. Сұлтанов
2015 жылғы 27 наурыз
Қазақстан Республикасы
 Энергетика министрінің
 2015 жылғы 27 наурыздағы
№236 бұйрығымен бекітілген
Мұнай өнімдерін өндіру және өткізу мониторингінің жүзеге асырылу қағидалары
Қағидалар өзгертілді ҚР Энергетика министрінің 27.06.2016 жылғы № 276 Бұйрығымен (27.03.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 18.08.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 11.06.2025 жылғы № 234-н/қ Бұйрығына сәйкес (27.06.2016 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 25.06.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Мұнай өнімдерін өндіру және өткізу мониторингінің жүзеге асырылуы қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 7-бабы 5) тармақшасына сәйкес әзірленген және мұнай өнімдерін өндіру және өткізу мониторингін жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) автожанармай құю станциясы – мұнай өнімдерін сақтауды және бөлшек сауда арқылы өткізуді қамтамасыз ететін, есепке алатын бақылау аспаптарымен жарақтандырылған технологиялық кешен және жабдық;
2) кеден ісі саласындағы уәкілетті орган – кеден ісі саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
Полная версия
ИС BestProfi