Бюджет түсімдерін болжау әдістемесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 34 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 24 ақпанда № 10322 тіркелді
Осы Бұйрық 2025 жылғы 14 маусымнан бастап күшін жойды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 29.05.2025 жылғы № 44 Бұйрығына сәйкес
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 65-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 02.11.2021 жылғы № 98 Бұйрығына сәйкес (26.02.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 19.11.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі мен мерзімдік баспасөз басылымдарында ресми жариялануын;
Әдістеме өзгертілді ҚР Ұлттық экономика министрінің 15.09.2015 жылғы № 637 Бұйрығымен (21.01.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.10.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Әдістеме өзгертілді ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 26.02.2018 жылғы № 76 Бұйрығымен (15.09.2015 ж. редакцияна қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.03.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Әдістеме жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 02.11.2021 жылғы № 98 Бұйрығына сәйкес (26.02.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 19.11.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Бюджет түсімдерін болжау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің (бұдан әрі – Бюджет кодексі) 65-бабына сәйкес әзірленді.
2. Жоспарлы кезеңге арналған мемлекеттік бюджетке және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсетін түсімдерді болжау «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының Кодексіне (бұдан әрі – Салық кодексі), «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне, Бюджет кодексіне, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қаржысын басқарудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 10 қыркүйектегі № 1005 Жарлығына және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің жылғы № 3 Бұйрығына сәйкес (10.03.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 07.02.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. Мемлекеттік бюджетке және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына кірістерді болжау кезінде елдің және өңірлердің әлеуметтік-экономикалық даму болжамының (бұдан әрі – ӘЭДБ) макроэкономикалық көрсеткіштері номиналды мәнде пайдаланылады.
Болжанатын кірістер түсімдерінің есептерінде салық есептілігінің көрсеткіштері (салықтардың есептелуі, түсімі, салықтар мен алымдар бойынша берешек, салық базасы туралы), мемлекеттік статистика деректері, мемлекеттік органдардың материалдары пайдаланылады.
5. Мемлекеттік бюджетке және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсетін түсімдерді болжау оңтайлы болжамды көрсеткіштерді айқындау мақсатында бірнеше есептеу әдістерімен жүзеге асырылады.
6. Жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджетке және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсетін түсімдердің болжамдарын айқындау кезінде ағымдағы қаржылық жыл бойынша түсімдерді бағалау негізге алынады.